Известные имена

Нұралин Б. Г.

nuralin b

Нұралин Болат Гинаятұлы (1959) – композитор.

1959 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасында Чугучак қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында Жетіарал ауылдық орта мектебін бітірген.

1978-1980 жж. – Мәскеу қаласында әскери борышын өтеген.

1981-1985 жж. Өскемен қаласында музыка училищесінде оқиды.

1983-1998 жж. Өскемен қаласында Металлургтер сарайында Вокалдық аспаптық ансамбль «МЕРЕЙ» тобының жетекшісі болған.

1998 жылы - университеттің қабырғасында жұмыс істеп жүріп, музыка факультетін тәмамдап шығады.

1998-2023 жж. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне дыбыс режиссёрі болып жұмысқа қабылданған. Сол жылы Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі және лауреаты медалін иеленеді.

«Қазақстан авторлар қоғамының лауреаты» медалінің және «С. Аманжолов атындағы университеттің мақтанышы» төс белгісінің иегері. «Прииртышье» Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.

«Әлемім менің әуенім» атты ән жинағы, «Көзкөргендер», «Өскемен», «Тарбағатай», «Толағайым», «Ауылым», «Түнгі жол», «Күн шығады Шығыстан» туындыларының авторы. Хамит Балшабеков, Серік Ғабдуллин, Аслан Ғафуров, Ержан Әділбек, Нұржанат Нұралина тағы басқа ақындардың өлеңдеріне 80-ге жуық ән, басқа да романс, инструментальдық музыкалар шығарды.

2023 жылдан бері құрметті зейнетте.

Б. Нұралиннің кітабы

Книги Б. Нуралина

   Нұралин, Б.Әлемім менің-әуенім! / Б. Нұралин. - Өскемен : ЖК. Аникин Б. П., 2022. - 66 б.

Б. Нұралин туралы мақала

Статьи о Б. Нуралине

 Әбіш, Е. Ән жинағын шығармақ : [Сазгер Болат Нұралин туралы] / Е. Әбіш. - Мәтін // Дидар. - 2022. - 31 наурыз. - Б. 15.