Олег Сайынділдаұлы Жанияров (1945-2012) - cазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Сазгер Жанияров Олег Сайынділдаұлы 1945 жылдың 5 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданындағы Лесная Пристань ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Өскемен қаласындағы музыка училищесінің музыка теориясы бөлімін, 1971 жылы Құрманғазы атындағы институтты бітірді.
1967-1970 жылдары Алматыдағы Октябрь ауданының музыка студиясында, 1970–1971 жылдары Алматыдағы А. Жұбанов атындағы өнер мектеп-интернатында теориялық пәндерден дәріс берді. 1971 жылдан М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінде және «Семей» университетінде оқытушы болып қызмет істейді.
1973 жылдан бастап КСРО Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы композиторлар Одағы бөлімшесінің төрағасы. Композитордың өзiнiң айтуынша, оның шәкiрттерi 600-ге жуық әртүрлi мамандықтардың түлектерi, олардың арасында доценттер, ғылым кандидаттары, республикамыздың еңбек сiңiрген қайраткерлерi бар. Олег Жанияров мұрасы әртүрлі жанрдағы шығармаларды қамтиды:үлкен сахналық қойылымдардан қарапайым пьесаларға дейін. Шығармаларының ішінде: екі опера («Орлиная песня», «Тот самый Ходжа Насреддин»), балеттер («Гранатовый сад», «Дюймовочка», «Дагестан»), симфониялық шығармалары, концерттері, спектакльдерге арналған музыкасы, камералық және аспаптық шығармалары.
2012 жылы 18 қыркүйекте қайтыс болды.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалар
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Джанияров, О. Певец степи [Текст] : [к 80-летию со дня рождения каз. композитора М.Тулебаева] // Иртыш. - 1993. - 16 марта.
Джанияров, О. О музыке всерьез [Текст] : [о музыкальных коллективах Казахстана] // Иртыш. - 1994. -15 октября.
Джанияров, О. Песня - душа композитора [Текст] : [к 60-летию со дня рождения семипалат. композитора Т.Базарбаева] // Иртыш. - 1995. - 21 ноября.
Джанияров, О.Рубят сук,на котором...:[Беседа с дир.симфон.оркестра семипалат.каз.муз.-драм.театра им.Абая ...]/ Джанияров О.// Голос народа.- 1998. - 2 дек. - С.9
Джанияров, О.Стала музыка его призванием:[К 70-летию со дня рождения семипалатинского композитора У.И.Айдаболова]/Джанияров О.// Спектр. - 2000. - 28 янв. - С.6
Джанияров, О.Колыбель музыкальных талантов: Прииртышскому отделению Союза композиторов - 20 лет / Джанияров О.// Спектр. - 2000. - 4 февр. - С.6
О.С. Жанияров туралы әдебиет
Литература о Джаниярове О.С.
Кітаптар-Книги
Туған жер әуендері [Мәтін] = Земли родной напевы: ШҚО композиторларының шығармалар жинағы: Сборник произведений композиторов ВКО. - Өскемен, 2005. - 200 б.
Семей сазгерлері: Био-библиографиялық естелік.- Семей, 2006.- 18 б.
Қазақстан композиторлары = Композиторы Казахстана:анықтамалық / ред. А. Қоныс.- Алматы: Sansam, 2011.- 216 б.
***
Композиторы Казахстана [Текст] = Қазақстан композиторлары : творческие портреты композиторов Казахстана. [Т. 2] / сост.: Н. С. Кетегенова, А. С. Нусупова. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2017. - 622 б.
Мақалалар-Статьи
Махамбетова, А. Асыл бейне. Олег Джанияров - 70 жас [Текст] / А. Махамбетова // Педагогика және өнер = Педагогика и искусство. - 2015. - № 6. - Б. 16 - 18.
Сейітқазы, О. Тарихты музыкамен сөйлеткен:[Дарынды композитор Олег Жанияров туралы] / О. Сейітқазы // Дидар. - 2018. - 30 қазан. - Б. 4.
***
Музыкальное училище им. М.Тулебаева. Помним, любим, скорбим... [Текст] / Музыкальное училище им. М.Тулебаева // Вести Семей. - 2012. - 25 сент . - С. 7.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
О.С. Джанияров [Электронный ресурс] : [биография] // Олег Джанияров: сайт. – Режим доступа :http://o.janiyarov.kz/ (20.11.2019)