Аленчук Владимир Михайлович (1940-2009) – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
1940 жылы 3 қарашада дүниеге келген.
Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында он жыл директор болған. Оның басшылығымен театр адамдар арасындағы қарым-қатынас храмына айналды. Бүгінде театр - халық арасында ерекше құрметке ие. Театр жылына ауылдық жерлердегі қойылымдармен бірге 300 спектакль қояды. Оның ішінде 8-12 премьера, бас сахна 200-ге жуық. Владимир Михайлович театр ғимаратын қалпына келтіруге көп күш жұмсады.
Көрерменмен жұмыс ғимараттың өзінде қолайлы жағдай жасаудан басталады. Әкімшілік қызмет, буфет, гардероб, театрға келгенге дейін және одан кейінгі көлік қызметі – барлығы көрерменге ыңғайлы болу үшін жасалған. Соңғы кездері шағын, бірақ әдемі театр залы үнемі лық толы. Бұл қаламыздың нағыз өнерді сүйіп, түсініп және бағалайтындығының ең жақсы дәлелі.Бәрі Владимир Михайлович Аленчуктың сіңірген еңбегінің арқасында.
Владимир Михайлович үнемі шығармашылық «шиеленіс» үстінде, театрды басқарумен қатар, режиссерлікпен де айналысады. В.Аленчук губернияда репертуарлық театрды сақтап қалуда орыс және шетел классикасы мен заманауи драматургиямен танысу қажет екеніне сенімді.
В.М. Аленчук Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қазақ труппасының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Владимир Михайлович бұрынғы актерлер, режиссерлер мен сценаристтердің жұмысын, қазақ халқының мәдени мұрасын және тамаша дәстүрді сақтау мүддесі үшін жұмыс істейді.
Литература об Аленчуке В. М.
В. М. Аленчук туралы әдебиет
Шавлева Д. Театр и мы. – Вечерний Усть-Каменогорск. – 2005. – 27 янв. – С. 6