Известные имена

Сәкиева К.С.

Сәкиева Күләш Сырымбетқызы (1920-2019) – әнші, актриса,  Қазақстанның Халық әртісі

1920 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. Күләштің көркемдік таланты ерте балалық шақтан пайда болған. Сегіз жасынан-ақ қыздың болашағынан зор үміт күтіледі. Зайсанда бастауыш мектепті бітіргеннен кейін білімді, оқыған ағасы Сапарғалидың ықпалымен Алматы қаласына келіп, рабфакта оқиды. Сол жерде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, ән айтып жүрген ол 1937 жылы Алматы Мемлекеттік театр училищесінің кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың класына оқуға түседі.
1941 жылы осы оқу орнын үздік бітіргеннен кейін Абай атындағы Жамбыл облыстық музыкалық драма театрына орналасқан жас актриса Шиллердің «Сатқындық пен махаббат» пьесасындағы Луизадан (училище бітірген кездегі дипломдық жұмысы) бастап М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясында Еңлік, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» трагедияларында Ақтоқты, Жібек, Баян, т.б. көптеген кейіпкерлерді сахналаған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп жүрген ер азаматтарды рухани жігерлендіру мақсатында концерттер қойып, спектакльдер көрсетуде театр ұжымымен бірге аянбай еңбек етті. Жамбыл театрында он жылдай өнер көрсеткен актрисаның еңбегі бағаланып, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» (1947) атағы беріліп, «Құрмет белгісі» (1945) орденімен марапатталды.
Сахналық тәжірибе жинаған Күләш Сәкиева 1952 жылы 19 қазанда Абай атындағы Семей облыстық қазақ драма театрына ауысады. Ол 1958 жылы Ә.Тәжібаевтың «Майра» драмасында (режиссері Б.Омаров) қазақ халқының жезтаңдай әншісі, композитор Майра әндерін, әсіресе осы Баян және У. Ғаджибековтың «Аршын - Малалан» музыкалық комедиясындағы Гүлшаһраның бейнелерін нанымды сомдаған.
Ол 1941 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына арнайы шақырылып, 1949 жылға дейінгі уақыт аралығында Ақтоқты (Г.Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты»), Қарлыға (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»), Мария Антоновна (Гоголь «Ревизор»), Мирандалина (К. Гольдони «Қонақ үйдің қожасы»), Настя (М. Горький «Шыңырау түбі»), т.б. кейіпкерлердің көркем бейнесін сахналауда асқан шеберлігін көрсете білді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-сайланымдағы депутаты (1955 - 1959), Қазақстан Компартиясының ХІІІ съезіне делегат (1971) болып қатысқан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен 3 мәрте марапатталған (1944, 1955, 1980 жылдар); «Қазақ КСР халық әртісі» құрметті атағымен қосыла екінші мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды (1958). КСРО-ның «Еңбек ардагері» (1982), «Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «ҰОС соғысына 30,50,60,65 жыл», «КСРО-ның тың жерлерді игергені үшін», «ҰОС ерлігі үшін» және т.б көптеген медалдармен марапатталған. Семей қаласының, Зайсан ауданының Құрметті азаматы. 2005 жылы Елбасының жарлығымен қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты - «Парасат» орденімен марапатталды.
Қазақстанның Халық әртісі Асқар Тоқпановтан сахна шеберлігін үйреніп, өнер жолына түскен, дала сахнасынан сыр ұққан, кәсіби сахнада шынығып, өнер тарланына айналған Күләш Сәкиева тоқсан жасқа дейін сахнадан түскен жоқ. Отбасында ана бақытын көріп, өнер шыңынан көтерілген ел еркесі Қазақстанның Халық әртісі, үш орденді Күләш Сырымбетқызы 2019 жылы 4 ақпан күні дүниеден өтті.

К. С. Сәкиева туралы әдебиет

Литература о С. С. Сакиевой

Кітаптар – Книги

Жеңсеханов, М. Шежірелі Зайсан [Электрондық ресурс] : [Зайсан өңірінен шыққан батырлар мен балуандар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, өнер иелері мен ақын -жазушылар туралы сөз қозғалады. ] / М. Жеңсеханов . - Семей : Азербаева К., 2004. - 158 б.

Майшекин, М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / М. Майшекин - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 138 б.

Мақалалар - Статьи

Сейсенұлы, Д. Актриса [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 2 наурыз.- Б.3.

Мұхамедова, Р. Жүздеген тағдыр бейнесі [Мәтін] : [актриса К. Сәкиева туралы] / Р. Мұхамедова // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 наурыз.- Б.12.

Часных, Л. Тоқсанды толтырған Күләш апа күнде шығады сахнаға [Мәтін] / Л. Часных // Дидар. - 25 қыркүйек.- Б.1-2.

Сыдықов, Е. Бәтташұлы. Өнердің хас шебері [Мәтін] / Е. Б. Сыдықов // Семей таңы. - 2010. - 23 қыркүйек.- Б.2.

Сағимұрат, Е. Мұхтар Әуезов бағалаған актриса [Мәтін] / Е. Сағимұрат // Семей таңы. - 2010. - 30 қыркүйек.- Б.2.

Мақанқызы, К. Сан қырлы саңлақ [Мәтін] / К. Мақанқызы // Ертіс өңірі. - 2010. - 29 қыркүйек.- Б.1, 10.

Сейсембаева, Ш. Күләш Сәкиева жеке заттарын мұражайға тапсырды [Мәтін] / Ш. Сейсембаева // Дидар. - 2013. - 13 наурыз.- Б.6.

Райыс, К. Өмірін театрға арнаған жан [Мәтін] : [Халық әртісі Күләш Сәкиева туралы.] / К. Райыс // Ертіс өңірі. - 2015. - 4 наурыз.- Б. 8.

***

Шыбынтаева, М. "Она - живая история театра" [Текст] / М. Шыбынтаева // Наше дело. - 2000. - 18 февраля. - С. 7.

Жинило, В. Юбилей актрисы [Текст] / В. Жинило // Рудный Алтай. - 2000. - 7 марта. - С. 1.

Азмухамбетов, Ш. И тогда женские роли играли мужчины [Текст] : казахскому национальному театру - 90 лет / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2007. - 30 июня. - С. 6.

Биданова, А. Примадонна [Текст] : [90 лет Народной артистке Казахской ССР Куляш Сакиевой] / А. Биданова // Казахстанская правда. - 2010. - 11 марта. - С. 5.

Шарипханова, А. Ваш выход, Куляш-апа! [Текст] / А. Шарипханова // Страна и мир. - 2010. - 8 марта. - С. 3.

Часнык, Л. За роль Майры - звание и орден [Текст] : [о народной артистке РК Куляш Сакиевой] / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2010. - 15 марта. - С. 6.

Часнык, Л. Бенефис нестареющей примадонны [Текст] : [к 90-летию со дня рождения Народной артистки РК из г. Семей К. С. Сакиевой] / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2010. - 24 сентября. - С. 1, 2.

Гуляева, Е. Живу лишь сценой [Текст] / Е. Гуляева // Наше дело. - 2014. - 16 января. - С. 6.