Қыдыралин Сіләмбек (1908-1983) –актер, Қазақ КСР-нің Халық әртісі.
1908 жылы 20 қазанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған.
1927-1930 жылдары Семейдегі қазақ мектебінде білім алып, ауылдық мектепте бала оқытты. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курста дәріс алды (1933). Осында жүріп қаладағы драма үйірмесіне қатысты.
1934 жылы Семейде облыстық қазақ драма театры қазіргі облыстық қазақ музыкалық драма театры ұйымдастырылғанда осы ұжымда еңбек етті. Кебек, Еспембет, Қобыланды, Абай (М. Әуезовтің «Еңлік - Кебегінде», «Қара қыпшақ Қобыландысында» және Л. Соболевпен бірге жазған «Абайында»), Тарғын, Бекежан (Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Қыз Жібегінде»), Балуан (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында»), Дуанбасы (Н. Гогольдің «Ревизорында»), Назар (А. Александровтың «Малиновкадағы үйлену тойында») секілді көптеген кейіпкерлер бейнесін сомдады.
Кино өнеріне де атсалысты.
Қазақстанның халық әртісі (1954). «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
1983 жылы 27 ақпанда Семей қаласында кайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Қыдыралин С.: б. 239.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қыдыралин С.: б. 491.
Казахская ССР [Текст] : краткая энциклопедия. Т. 4 – Алма-Ата : Главная Редакция Казахской советской энциклопедии, 1991. - Кыдыралин Сламбек: с. 346.
Культура Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. – Алматы : Аруна. - Кыдыралин Сламбек.