Әбішев Ораз (1916-2013) - қазақтың деректі киносының негізін қалаушы, кинорежиссер, Қазақ ССР Халық әртісі
1916 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
1938 ж. Алматы қазақ музыкалық театрының (қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театры) жанындағы студияны бітірген. 1938-39 жылдарда театр құрамында әнші, 1939 жылдан бастап деректі кино түсірумен айналысқан. «Дина Нұрпейісова» (1947), «Шалғай жайылымдарда» (1950), «Абай» (1953), «Біздің қалада»(1956) т.б. фильмдер түсірген.
Өмірін кино өнерінің дүниеге келу және даму тарихымен байланыстырған Ораз Әбішев 70-ке жуық деректі фильм мен 300-ден астам киножурнал шығарған. 1936 жылы ол «Ер Тарғында»Сыпыра жырауды, «Айман-Шолпан» операсында Өзбектің, «Қыз Жібек» операсында Сансызбайдың рөлдерін сомдаған.
Ораз Әбішевтің бір топ деректі фильмдері еңбек адамдарына арналған. Ыбырай Жақаев, Дина Нұрпейісова, Талғат Бигелдинов, Тәттімбет, Құрманғазы, Мұқан Төлебаев және т.б. тұлғалардан тұтас галерея жасаған.
«Арман аралы», «Кеншілер әулеті», «Мұқан Төлебаев», «Желден жүйрік» деректі фильмдері үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1974) алған. «Экран шебері» атағын алған. Қазақ КСР-нің Еңбегі сіңген өнер қайраткері құрметті атағы (1960) берілді. 1957 жылдан КСРО Кинемотографистер Одағының мүшесі.
О. Әбішев екі мәрте «Құрмет белгісі» (1959), «Еңбек Қызыл Ту» (1986), КСРО-ның «Қазан төңкерісі» Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан»(2005) ордендерімен, көптеген медальдармен, Құрмет грамоталармен марапатталған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979). Қазақстанның Халық әртісі (1966), Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960), Қазақстанның Мәдениет Қайраткері, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі. Елбасының мәдениет саласындағы Мемлекеттік және Президенттік степендияларының иегері. Алматы қаласындағы бұрынғы Бейбітшілік көшесіне О. Әбішев аты берілді.
2013 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.
Әбішев Ораз туралы әдебиет
Литература о О. Абишеве
Ораз Әбішев [Мәтін] : қазанама. // Егемен Қазақстан. – 0. – 2013.- 15 наурыз.- Б. 7.
Шығыс Қазақстан облысы Энциклопедия./Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б.: Әбішев О. Б.210.
Апырымов Серік, кинорежиссер (1960)
Серік Секенұлы Апрымов - 1960 жылы 28 қазанда Семей облысының Ақсуат ауылында туған.
Әкесі - Апрымов Секен (1921-1982), судья болып жұмыс істеген. Анасы - Қажиева Күлшен (1923-1973), үй шаруасымен айналысқан.
Алматы индустриалдық техникумын (1980) автомобиль тораптарының техник-механигі мамандығы бойынша, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кино режиссурасы факультетін (Мәскеу , 1989) кинорежиссер мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерін біледі.
1983 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясында жүргізуші. 1984 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында кинорежиссердің ассистенті.
1989 жылдан бері - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-режиссер (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
2005 жылдан Ресейлік «Ника» киноакадемиясының мүшесі.
Қазақстан Жастар одағының лаурөаты (1992). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998).
Литература о Апрымове С.
Апрымов Серік туралы
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Текст] : анықтамалық. Т. 2, 2006. - 996 с.
Мақалалар-Статьи
Исаұлы, Қ. Өнерде өтірік айтуға болмайды [Мәтін] : [С.Апрымовтың ұстанған кредосы осындай] / Қ. Исаұлы // Жас алаш. - 1997. - 1 шілде.
Тоқсанбай, Қ. "Ақсуат" "Америка пирогын" ығыстырды. [Мәтін] : [Көркем фильм төңірегінде] / Қ. Тоқсанбай // Егемен Қазақстан. - 2000. - 12 сәуір.- Б.
Тоқсанбай, Қ. Киноның Сергейі мен Серігі [Мәтін] : [Режиссерлер С.Азимов пен С.Апырымов жайында] / Қ. Тоқсанбай // Егемен Қазақстан. - 2000. - 2 ақпан
Бөпежанова, Ә. Ақсуатты алыстарға танытқан [Мәтін] / Ә. Бөпежанова // Егемен Қазақстан. - 2001. - 19 маусым.- Б.4.
Мәткәрім, Д. Жаңа кейіпкердің кескіні қандай? [Мәтін] / Д. Мәткәрім // Жас алаш. - 2004. - 11 наурыз.- Б.5
Көбекова, Г. С.Апрымов фильмдеріндегі әлеуметтік орта трагедиясы [Текст] / Г Көбекова. // Жұлдыз . - 2012. - № 4. - С. 197-198 б.
Бегалин Мәжіт Сапарғалиұлы (1922 -1978 гг.), өнер қайраткері
Бегалин Мәжіт Сапарғалиұлы – қазақ кинорежиссері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, КСРО-ң Еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Мәжіт Бегалин Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданы Дегелең ауылында 1922 жылы 22 ақпанда дүниеге келген.
1948 жылы Жалпыресейлік мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін тәмамдаған. 1950-1978 жж. «Қазақфильм» киностудиясында режиссер болып қызмет атқарған. «Таңсәрідегі оқиға» (1955), «Қайтып оралу» (1959), «Тұлпар ізі» (1964) замандастары жайлы қойылымдардың авторы. Аталған фильмдер ХХ ғасыр соңындағы қазақ еңбекшілері жөнінде. Мәжіт Бегалиннің режиссерлік шеберлігі тарихи-биографиялық жанрдағы: Ш.Уалиханов өмірі туралы «Оның күні келер» (1957); Б.Момышұлы жайлы «Артымызда Мәскеу» (сценарий авторы, 1967) фильмдерінен айқын көрінеді.
Режиссер осы киносымен Орта Азия мен Қазақстан киноөнері сайысынан бас жүлдені жеңіп алған. Ал, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналған «Мәншүк туралы баллада» (1969) фильмімен Минскіде өткен Жалпыкеңестік кинофестивальда КСРО Қорғаныс Министрлігінің бас сыйлығын иеленеді. 1974 жылы режиссер Мәжіт Бегалиннің «Жалындағы Орал» фильмі экранға шығады. Мәжіт Сапарғалиұлы Бегалинге шығармашылық қызметі үшін КСРО-ң Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі (1966). «Құрмет белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
Режиссер 1978 жылы 5 мамырда Алматы қаласында жерленген. Оның шығармашылығы жайлы «Мәжіт Бегалин» деректі фильмі түсірілген (1981 ж., кинооператор А.Т.Ашрапов).
Әдебиет:
Мәжит Бегалин [Мәтін] : 1922-1978 : кітап-альбом / құраст. Қ. Бегалин , С. Санбаев. - Алматы : Өнер, 2008. - 159 б.
Кенжетаев К. Кинорежиссер Мәжит Бегалин [Мәтін] : Естелік. / Кенжетаев К. - Алматы : Өнер, 1994. - 112 б.
Материалды Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұсынған (Семей қаласы)
Аралбай Төлеубек, (1950) – актер, режиссер.
Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай - 1950 жылы 16 наурызда Семей қаласында теміржолшының отбасында дүниеге келді. Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны 1966ж. бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданған.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері.
1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері. 1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері. М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері және режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Төлеубек Аралбайдың фильмографиясы сан-алуан. Ол «Саранча», «Жас Ұлан» телехикаяларына, «Лейланың зары» драмасы мен «Азиат» шытырман оқиғалы фильміне түседі. Сондай-ақ Аралбай Ақан Сатаевтың тұңғыш толықметражды фильмі «Рэкетир» бас кейіпкер Саянның әкесінің бейнесін сомдайды.
"Айдаһар жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қызжылаған", "Саранча", "Көшпенділер", "Періште", "Мұстафа Шоқай", "Ликвидатор" секілді отандық кино туындыларына түсті.
1993 жылдан бері Республикалық Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде "актерлік шеберлік" пәнінен сабақ береді.
Алматы қаласының М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері және режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" (1995ж.)
"Құрмет" ордені (2005ж.)
Аралбай Төлеубек туралы:
Сығай, Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Сығай Ә. - Алматы : Жалын, 1998. - 512 б.
Жанбырбаев Абылкасым (1927-2012) - актер, режиссер.
Народный артист Казахской ССР (1970), Почетный гражданин г. Семипалатинск (1997).
Абылкасым Жанбырбаев родился 1 января 1927 года в Семипалатинском уезде (ныне — Абайский район Восточно-Казахстанской область). Творческую деятельность начал в кружке художественной самодеятельности. В 1942 году Жанбырбаев был принят в Семипалатинский областной музыкальный драматический театр (ныне — Восточно-Казахстанский областной государственный казахский музыкально-драматический театр им. Абая), трудовую деятельность начал в балетной труппе. Воспитал несколько поколений молодых актёров.
Первой ролью стал образ муллы в спектакле «Жалбыр» Б. Майлина. За всю карьеру сыграл свыше 300 ролей, в частности роли Сырыма и Кебека («Карагоз» и «Енлик — Кебек» М. Ауэзова), Науана и Карабая («Акан-сери-Актокты» и «Козы-Корпеш-Баян Сулу» Г. Мусрепова), Дурбита («Майра» А. Тажибаева) Алдар Косе («Алдар Косе» Ш. Кусаинова), Хлестакова («Ревизор» Н. В. Гоголя), дервиша («В ночь лунного затмения» М. Карима), одним из первых среди казахов сыграл Ленина.
В качестве режиссёра поставил на сцене ряд спектаклей: «Смерть Аюбая» С. Адамбекова, «Заблудившийся гусь» А. Шамкенова, «Прощай, моя сказка» Б. Мукаева и прочие. Снялся в нескольких художественных фильмах, сыграл роли Кудайменды в фильме «Кровь и пот», Оракбая в «Гонцы спешат», Ержана «Синий туман» и прочие.
Награждён орденом "Знак Почета", медалями «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освоение целинных земель», «30 лет Победы в ВОВ», «Ветеран труда».
Умер 6 октября 2012 года.
Литература о А. Жанбырбаеве
Абдуллаева, Н. На сцене – более полувека [Текст] / Н. Абдуллаева // Голос народа. - 2002. - 1 марта. - С. 2.
Биданова, А. Театр - стихия и стезя [Текст] / А. Биданова // Казахстанская правда. - 2007. - 24 февр. - С. 12.
Жанбырбаев Абылкасым [Текст] // Вести Семей. - 2012. - 9 октября. - С. 7.
Культура Казахстана : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна, 2010. - 656 с. – С. 222-223.
Абылкасым Жанбырбаев [Электронный ресурс] // Кино-театр.ру: сайт. - Режим доступа: http://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/sov/256671/bio/ (Дата обращения: 20.09.2016)
Почетные граждане города Семей [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая: сайт. - Режим доступа: http://semeylib.kz/?page_id=1369&lang=ru (Дата обращения 20.09.2016)
Семей простился с известным артистом [Электронный ресурс] // Семей-сити: сайт. - Режим доступа: https://semey.city/novosti-v-semee/2012/10/09/semej-prostilsya-s-narodnyim-artistom/ (Дата обращения: 20.09.2016)