Леонов-Вендровский Леонт Владимирович (1889-1954) – театр режиссері, Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі (1946).
1889 жылы 15 қарашада Санкт-Петербургте (Ресей) дүниеге келген.
1908-1911 жж. Петербург театр училищесінде оқыды. 1933-1936 жж. сцена өнері бойынша Ленинград техникумында білім алады. РСФСР (Ленинград, Курск, Воронеж, Смоленск т.б.) театрларында жұмыс істеді. 1940-1954 жж. Абай атындағы Семей облыстық драма театрында көркемдік жетекші, бас режиссер болып, «Қарақыпшақ Қобыланды», М.О.Әуезовтің «Түнгі сарын», Ғ.Мүсірепов пен Е. Г. Брусиловскидің «Қыз Жібек», Ш. Хусаиновтың «Алдар Көсе», Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббат», Б. А. Александров пен Л. А. Юхвидтің «Свадьба в Малиновке», Т. Г. Шевченконың «Назар Стодоля», У. А. Гаджибековтың «Аршин мал алан» т.б. қойылымдарын сахналады.
1954 жылы 5 қазанда қайтыс болды.
Л. В. Леонов-Вендровский туралы әдебиеттер
Литература о Леонове-Вендровской Л. В
Культура Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы : Аруна, 2010. – 651 с. -Леонов-Вендровский Леон Владимирович : 404 с.
Интернет ресурстары
Интернет-ресурсы
Леонов-Вендровский Леон Владимировиx [Электронный песурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : https://peoplelife.ru/164119 (03.01.2019)