Известные имена

Қоңқараев Ғ.

KamalҚоңқараев Ғабдылкамал Ташмұхамбетұлы (1956-2020) – иллюзионист

Ғабдылкамал Қоңқараев 1956 жылы 28 мамырда ҚХР Дөрбілжің қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Шыңжаң қазақтары жаппай Қазақстанға қоныс аударғанда олардың да отбасы туған жерге оралып, бала Ғабдылкамал алғашқы сауатын № 1 Күршім орта мектебінде ашты. 1974 жылы мектепті бітірісімен Алматыдағы КазПИ-дің көркемсурет – графика факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай бітіріп шығады. Күршімде біраз жыл еңбек еткен соң өнер ордасы Алматыға қоныс аударады.

Алматыда бала күнінен өзіне ұнайтын фокус өнерімен шындап айналыса бастайды. Ресейдің Кострома қаласында әскери борышын өтей жүріп, қарулас жолдастары арасында фокус көрсетіп үйренгені де кәдеге жарады. Осы өнер жайлы қаншама кітаптар ақтарды, әлем сиқыршылары туралы ақпараттарды зерделеген жас жігіт өз өнерін еліне ғана емес, әлем жұртшылығына мойындатқан әйгілі иллюзиониске айналды.

Өнерпаз жігіт «Бауыржан-шоу» театрына жұмысқа қабылданып, онда сиқырмен қатар жарнама, хабарландырулар жазып отыратын суретші болып еңбек етті. Бауыржан Ибрагимов пен жерлесі Марат Сақатовтың қамқорлықтарын көрді. Осы театрда еңбек ете жүріп халыққа танымал болды. «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Республикалық «Қазақстан», «Хабар» телеарналары жиі шақырып, кездесулер ұйымдастырды. Оңтүстік Кореяға келісім-шартпен барып, алты ай бойы жемісті өнер көрсетті. 1999 жылы көркөршілес Қытайдың Құлжа, Гуанчжоу, Шэнжэнь, Гонконг қалаларыда қалың көрерменді тамсантып қайтты. 2001 жылы Итальяның Миробильянди курорты аймағында үш ай бойы өнер көрсетіп зор табысқа қол жеткізді. 2009 жылы Түркияның Кайсери, Стамбул, Анталья қалаларында өнер көрсетті.

Дарынды өнерпаз, шебер суретші, қабілетті сиқыршы-иллюзионист Ғабдылкамал Қоңқараев 2020 жылы кенеттен қайтыс болды.

 

Қоңқараев Ғабдылкамал туралы мақалалар

Статьи о Г. Конкараеве

 

Қоңқараев , К. "Мені өмірдің өзі сиқыршы қылды." [Мәтін] : [Сиқыршы К. Қоңқараев туралы.] / К. Қоңқараев ; сұхбат: Анар Қоныс А. // Өмір-ай. - 2015. - 14 қазан. - Б. 7-9.

Қоңқараев Ғ. "Қолымды апталап жумай жүрген кезім болды..." [Мәтін] / Ғ. Қоңқараев // Егемен Қазақстан . - 2016.- 12 тамыз (№ 154). - 9 .