Арғынбекова Майра Қаламқызы (1961) - театр актрисасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.
1961 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Шорға ауылында дүниеге келген. Маңырақ ауылдық орта мектебін бітіргеннен кейін Өскемендегі мәдениет және білім техникумына оқуға түсіп, оны 1984 жылы«әнші» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол бірнеше жыл Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында мәдениет саласында қызмет етті.
2000 жылы байқаудан сүрінбей өтіп, Өскеменде жаңадан ашылған Қазақ театрының труппасына қабылданып, күні бүгінге дейін актриса қызметін атқаруда.
2009 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.
Ойналған рөлдер:
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (2000, реж. Т. Бадығанов, Ш. Кәрібаев) – Мақпал;
М. Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай!» (2000, реж. Т. Бадығанов) – Зәуреш;
О. Бодықов «Ойбай, күйеу керек» (2000, реж. Г. Бақтыбаева) – Әйел;
О. Бөкей «Желтоқсан желі» (2001, реж. Ш. Кәрібаев) – Анар;
I. Ғайып «Негізгі шара» (2002, реж. С. Тасименова) — Сая;
Халық ертегісі «Ұр, тоқпақ» (2004, реж. Р. Есдәулет) – Кемпір;
Ш. Ысқақ, Қ. Ысқақ «Томирис» (2003, реж. Р. Есдәулет) – Томирис (номинация «Жылдың үздік актрисасы»);
С. Жұмат «Вампир күйеу» (2006) – Қатыш
Ж. Озюбекова «Толғақ» (2006, реж. Р. Есдәулет) — Містеқан
С. Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» (2007, реж. Р. Есдәулет) — Фарида («Маусымның үздік актрисасы» номинациясы)
К. Кикучи «Оралған әке» (2008, реж. Р. Есдәулет) – Отақа
A. Чеховтың «Шағала» (реж. Р. Есдәулет) — Қыз
К. Жүнісов «Общагадағы серілер» (2009, реж. Р. Есдәулет) – Ақмақ
Д. Рамазан «Кенесары – Күнімжан» (2011, режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б. Ұзақов) – Ана
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (2012, қоюшы-реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е. Тәпенов) – Салиха («Жылдың үздік актрисасы» номинациясы)
Ұ. Есдәулет «Қара пима» (2013, реж. А. Салбанов) – Көрші (Павлодардағы «Алаштың ардақтысы» республикалық театр фестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясы)
Б. Рамазан «Шырмауық» (2014, реж. С. Ақелеев) – Ана
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» (реж. Б. Рамазан) – Демелі
К. Жұмабеков «Замана неткен тар едің» (2015, режиссер С. Жұмағали) – Әйгерім («Жылдың үздік актрисасы» номинациясы)
Б. Ұзақов «Жан дауа» (реж. С. Ақелеев) – Ана
Г. Хугай «Қара шекпен» (2020, реж. А. Қозықанов) – Қоян
Қ. Жүнісов «Алғашқы махаббат» (реж. А. Қозықанов) – Режиссер
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (2021, реж. Ә. Қозықанов) – Мақпал
Р. Отарбай «Көлеңке» (2023, реж. Д. Құбаш) – Ана
С. Шаймерденов «Дөкей келе жатыр» (2024, реж. Ж. Жұманбай) — Әйелі
Қ. Мұрат «Зұлмат» (2024, реж. Ә. Хасенов) — Уақыт
Майра Қаламқызы театрдың жетекші актрисаларының бірі болып қала отырып, көрермендерін талантымен қуантып келеді.
М. Арғынбекова туралы әдебиеттер
Литература о М. Аргынбековой
Арғынбекова, М. Мен сахнада өмір сүремін / М. Арғынбекова. - Мәтін // Дидар. - 2021. - 15 сәуір. - Б. 11.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Арғынбекова Майра Қаламқызы // Восточно-Казахстанский областной театр драмы и опереты : [офиц. сайт]. — Режим доступа: (дата обращения: 30.04.2026).