Известные имена

Ракымов А. С.

Ракымов Аубакир СыдыковичРақымов Әубәкір Сыдықұлы (1950 ж. т.) – режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
1950 жылы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Қазақ академиялық драма театры жанындағы актерлік студияны бітірген. 1968 жылдан бастап - Жамбыл облыстық драма театрының актері.
1972 жылы Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық театрының әртісі болды.
1979 жылы Мәскеу қаласында А. В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірді.
1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы.
«Менің ағам» (Комсомолец) – «Қазақфильм» киностудиясы, «Художник» (Суретші), «Ақ бақсы» (Гатль) фильмдерінде басты рөлді сомдаған.
Режиссерлік жұмыстары: Ж.Б. Мольер «Алданған күйеу»; C. Гольдони «Екі қожайынның қызметшісі»; Э.Шварц «Қар ханшайымы»; Дж.Файзи «Аяқ киім»; Н.Гоголь «Неке»; Р.Сейсенбаев «Түнгі диалог»; Н.Әбуталиев «Махамбет»; Т.Нұрмағамбетов «Қырманбайдың тойы»; С.Балғабаев «Махаббатсыз ғасыр», «Мерейтойдан кейін»; С.Торайғыров «Қамар сұлу»; С.Мұқанов «Жарқын махаббат»; Ф.Буляков «Әжелер үйленеді...»; А.Тарази «Ақын... Періште... Махаббат...»; И.Вовнянко «Апокалипсис»; Е.Уахитов «Сваты»; С.Балғабаев «Сағыныш пен елес»; Т.Мамасейіт «Бәкей қыз»; М.Әуезов «Зарлы заман»; С.Асылбекұлы «Күзгі марафон».
Рақымов Әубәкір – Қазақ театр қоғамы басқармасының хатшысы, Әуезов М. атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, көркемдік кеңес мүшесі, Қазақстан мен Моңғолиядағы театрландырылған концерттер мен бұқаралық қойылымдардың жетекшісі.
Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (1996).