Известные имена

Есімдер

Как собрать компьютер самостоятельно. Быстро собираем компьютер сами. Как правильно собрать компьютер. Восстановить удаленные файлы с флешки. Как восстановить флешку transcend. Восстановить флешку бесплатно. Учим язык java онлайн. Java для начинающих уроки. Все о программах java. Google nexus 7 обзор. Лучший планшет nexus 7 обзор. Google nexus 7 обзор планшета. Интересные картинки со смыслом. Самые интересные картинки скачать. Фото картинки интересные. Wow шп прист. Лучший гайд по присту wow. Прист wow билд. Учим язык python с самого нуля. python для начинающих уроки. Все о языке python 3. Расширения для Joomla. Скачать последние расширения для joomla. Скачать бесплатно все расширения joomla.

Жаңбырбаев Ә.

Жаңбырбаев Әбілқасым, актер, режиссер (1927)

Әбілқасым Жаңбырбаев 1927 жылдың 1 қаңтарында Абай ауданында дүниеге келді. 1934 жылы қаладағы №16 метепте оқыды. Хор үйірмесіне қатысып, гармонда шебер ойнаған талантты жас болды.
1942 жылы Семей облыстық музыкалы драма театрына қабылданып, құрмет демалысына шыққанға дейін жемісті қызмет етіп, күрделі рольдерді аса шеберлікпен сомдады. Театрға арналған 62 жыл ғұмырында 400-ге жуық рөлде ойнаған. Сахнада 400-ге жуық рольді сомдаған театр тарланы жаңа бейне, образ жасап, «Ер Тарғындағы» күтуші баладан бастап, «Ғалиябанудағы» Исмағұл, «Айман-Шолпандағы» Арыстан, «Қозы-Көрпештегі» – Қарабай, «Қаракөздегі» Сырым, «Малиновкадағы той» қойлымындағы банды Ряб баба рөлдері Әбілқасымды өнер биігіне жетелей берді.
1965 жылы Ленин рөлін ойнау үшін актер таңдауға Алматыға шақырылады. Танымал сахна саңлақтарының ішінен Әбілқасым Жаңбырбаев ілігіп, Ленинді қаз-қалпында сомдағаны үшін 1970 жылы «Халық әртісі» атағы берілді. 1954 жылы «Қазақстанға еңбек сіңірген әртісі» атағын алды. Орыс, өзбек, грузин тәрізді әр ұлт өкілдерінің рөлін ойнаған Әбілқасым Қытайдың «Делқұлы» образын да сәтті бейнелеп шығады.
Әбілқасым Жаңбырбаев қоюшы-режиссер ретінде де танылды. Онға жуық қойылған қойылымдарының шінде «Адасқан қаз», «Қош бол, менің ертегім», «Аюбайдың ажалы» сынды туындылар бар. Тер төккен сайын ашыла түскен Әбілқасым «Жаушы», «Қан мен тер», «Толқындар жағада өледі» сияқты фильмдерге түсті. Театр сахнасында небір күрделі образдар сомдады. Мұнда ол “Жалбырдағы” Молданы, Сырым мен Кебекті, “Ақан Сері Ақтоқтыдағы” Науанды, “Комиссар Ғаббасовтағы” Сабыржан т.б. бейнелерді сомдады.
1958-1973 жылдар аралығында «Қан мен тер», “Жаушы”, қырғыз фильмі «Толқын жағада өледі” деген киноларға түсіп есімі кеңінен таныла бастады. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдардың иегері.
Әбілқасым Жаңбырбаев 2002 жылы Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды

Дереккөз:

Сапаев, Ғазиз. Бел-белестер [Мәтін] : өлеңдер, әңгімелер, хикаяттар, естеліктер / Ғ. Сапаев. - Астана : Фолиант, 2011. - 480 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы).
Бапанова Ә. Өнер саңлағы 80 жаста [Мәтін] / Бапанова Ә. // Семей таңы. - 2007. - 22 ақпан.- Б.1.
Дүкембаев Р. Тума талант иесі [Мәтін] : [Ә.Жаңбырбаев 70 жаста] / Дүкембаев Р. // Семей таңы. - 1997. - 4 желтоқсан.- Б.
Жаңбырбаев Ә. Шынайы сахнагер кейіпкер таңдамайды [Мәтін] : [халық артісі...туғанына 70 жыл./әңг.Ахметбекқызы А] / Жаңбырбаев Ә. // Семей таңы. - 1997. - 4 желтоқсан.- Б.
Қасымжанұлы С. Театр тарланы -Әбілқасым Жаңбырбаев [Мәтін] / Қасымжанұлы С. // Ертіс өңірі. - 2007. - 24 қаңтар.- Б.10
Сапышев А. "Менің кредом - өнерге адалдық" [Мәтін] / Сапышев А. // Семей таңы. - 2007. - 15 ақпан.- Б.5.