Известные имена

Омаров Қ. Т.

Омаров Қадыр Тоқтамысұлы – дәрігер-педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғарғы санатты дәрігер («Денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша), Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының Директорлар кеңесінің басшысы. Омаров Қадыр Тоқтамысұлы (1948 ж.) – дәрігер-педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғарғы санатты дәрігер («Денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша), Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының Директорлар кеңесінің басшысы. 

1948 ж. 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ұранхай с. дүниеге келген. 1973 ж. Алматы Мемлекеттік медицина институтын (қазір С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. Өзінің еңбек жолын 1973-1975 жж. Торғай облыстық ауруханасында балалар хирургі болып бастады. 1975-1978 жж. Алматы облысының Ұзынағаш ауылының Орталық аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болды. 1978 ж. бастап емдеу бөлімінде бас дәрігердің орынбасары, ал, 1979 ж. бастап - Алматы облысы Жамбыл ауданында бас дәрігер болып қызмет етті.  

1980-1987 жж. Алматы облысы Жамбыл ауданы Халық депутаттары аудандық Кеңесінің депутаты болған. 1988-1991 жж. республикалық «Ақсай» балалар ауруханасында бас дәрігер болып қызмет етті. 1988 ж. Армениядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге медициналық көмек беру бойынша «Қазақстан» санитарлық поезының жетекшісі болды. 1991-2006 жж.- Алматы қаласындағы № 5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап Ресей медико-техникалық ғылымдар академиясының мүшесі. 2006 ж. мамыр айынан қарашаға дейін №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері. 2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің вице-министрі. 2008 ж. желтоқсан айынан  2009 ж. қыркүйегіне дейін Алматы қ. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің республикалық клиникалық госпиталінің басшысы. 2009 ж. қыркүйегінен 2011 ж. қазан айына дейін «Республикалық диагностика орталығы» АҚ Бас директоры болды. 2011 ж. қазан айынан бүгінгі күнге дейін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің басшысы. Сондай-ақ, 2012 ж. қаңтар айынан бастап «Демеу-ҰМХ» ЖШС Бас директоры, 2013 ж. қазан айынан ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі Ұлттық палата президиумының төрағасы қызметін атқарады.      

1999-2006 жж. Алматы қаласы мәслихатының екі шақырылымының депутаты болды. 

Екі монография, оннан аса әдістемелік құрал, түрлі медициналық және халықаралық журналдарда жарияланған 100 ден аса ғылыми мақала авторы. Оның қатысуы және басшылығымен  «Халық денсаулығы және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі туралы Кодексі» жобасы әзірленді.

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан және Ресейдің мерекелік медальдарымен марапатталған.  

 

 

Деректер

Источники

Омаров Кадыр Токтамысович [Электроннный ресурс] : [биографическая справка] // Министерство зравоохранения РК : официальный интернет-ресурс. - Режим доступа : http://mz.gov.kz/ru/pages/omarov-kadyr-toktamysovich (08.12.2017)

Омаров Кадыр Токтамысович [Электроннный ресурс] : [биографическая справка] // Национальный научный медицинский центр. - Режим доступа : http://nnmc.kz/manager/1085/ (08.12.2017)