Қозбағаров Алаш Ахметжанұлы (1917-1996) - ҚР еңбек сіңірген дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Семей облысы Акушер-гинекологтар ғылыми қоғамының негізін қалаған.
1917 жылы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Семей көшпелі аурухана аумағының фельдшері Ахметжан Қозбағаровтың отбасында дүниеге келген. Қазақ медицина институтын (қазір С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті) бітірген соң, дәрігерлік дипломмен Ақмола облыстық денсаулық бөліміне жіберіледі. Еңбек жолы Шортанды ауданының КазЦИК атындағы астық өндіру совхозының учаскелік ауруханасының меңгерушісі қызметінен басталды. Кейін аудандық аурухананың хирургия бөлімінде меңгеруші, соңынан - Жолымбет кенішінің медициналық бөлімшесінде меңгеруші болады. Ұлы Отан соғысы жылдары алдыңғы лектегі армияда әскери дәрігер қызметін атқарды. Майдан даласы бөлімшелерінде дәрігер-ординатор, хирургия, өкпе ауруы бөлімінің меңгерушісі болады. Соғыстан қайтқан соң Талдықорған және Семей ауруханаларында ұзақ уақыт емделеді.
1948 жылдан бастап Семей қаласы Затон ауданының емдеу бірлестігінің бас дәрігері болып қызмет етті. Семей медицина институтында (қазір Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті) акушерлік және гинекология кафедрасын 20 жыл басқарды. Дәрігерлік қызметін атқара жүріп, кандидаттық диссертация қорғады. Зейнеткерлікке шыққан соң ет комбинаты медсанчасінде гинекология бөлімінің меңгерушісі болды.
Шамамен 70-тен аса ғылыми еңбек, көптеген мақалалардың авторы.
Екінші Қызыл Жұлдыз ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
1996 жылы 16 қаңтарда қайтыс болды.
Жерлесімізді есте қалдыру үшін Семей қаласының орталық көшесінің біріне Алаш Қозбағаров есімі берілді.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Қозыбағаров Алаш: б. 463-464.
Саған өмір сыйлаймын... [Мәтін] : [А. Қозбағаровтың туғанына 90 жыл толуына орай] // Ертіс өңірі. - 2007. - 24 қазан. - Б. 2.
***
Куттыбаева , С. Памяти врача Алаша Козбагарова [Текст] / С. Куттыбаева // Вести Семей.- 2010. - 1 апреля. - С. 3.
Силина, Э. А. Козбагаров :жизнь, отданная матерям [Текст] / Э. А. Силина // Рудный Алтай. - 2007. - 4 декабря. - С. 2.
Смирнова, Д. Алаш Козбагаров: врач, даривший людям счастье [Текст] / Д. Смирнова // Вести Семей. - 2007. - 6 декабря. - С. 3.
Гуляева, Е. Полвека счастья [Текст] : [о Козбагарове А.]/ Е. Гуляева // Наше дело. - 2014. - 4 декабря. - С. 2.
Дарю тебе жизнь…[Электронный ресурс] // КГУ "Центр документации новейшей истории ВКО" Управление архивов и документации ВКО: сайт. - Режим доступа: http://www.cdni-arhiv.vko.gov.kz/ru/publications2_22.htm (дата обращения 15.10.2016)
Кафедра акушерства и гинекологии [Электронный ресурс] // Государственный медицинский университет г. Семей: сайт. - Режим доступа: http://ssmu.kz/ru/pages/default/view?id=kaf-akush-ginek (дата обращения 15.10.2016)