Атшабаров Бахия Атшабарұлы(1919-2013) - академик, ҚР Еңбек сіңірген дәрігері
1919 жылы 1 қыркүйекте Семей губерниясының Қарқаралы уезі № 1 Берікқара ауылында Карақуыс жерінде (қазіргі Қарағанды облысында) дүниеге келген. 1942 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында танк және пехота полктерінің санитарлық қызмет басшысы - аға дәрігер қызметін атқарды.
1946-1950 жылдары – Қазақ СРО ҒА аспиранты, 1950-1951 жж. – Қазақ СРО ҒА өңірлік патология Институты кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директор орынбасары, ал 1952-1984 жж. – осы институт директоры. 1984-1996 жж.- ғылыми кеңесші, ал 1996 жылдан – ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің гигиена және кәсіби аурулар ҒЗИ Құрметті директоры, сосын – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі гигиена және эпидемиология Ғылыми орталығының Құрметті директоры.
Атшабаров Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғылыми еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған.
30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.
Қазақстанның Өлкелік патология институтының негізін салушы әрі үздіксіз басшысы болған Б.Атшабаров екі мәрте «Қызыл жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы», «Октябрь Революциясы», «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтың иегері (1999).
Бахия Атшабарұлын білетіндер оны орасан зор эрудиция мен терең білімі, педагогтық таланты, әріптестеріне деген қамқорлығы үшін құрметтейтін еді. 2009 жылы қазан айында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Академик Б.А. Атшабаров атындағы фундаментальды және қолданбалы медицина ғылыми зерттеу институтының ашылуы - ғалым әрі ұстаздың еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет пен ескерткіш еді.
Б. Атшабаровтың ғылыми еңбектері
Научные труды Б. Атшабарова
Клиническая невропатология при артериальной гипертонии, А,-А., 1953;
Поражении нервной системы при свинцовой интоксикации, А.-А., 1966;
Новый метод измерения ликворного давления, А.-А., 1974;
Парабиоз — основа общебиологической реакции па повреждающее действие токсических веществ // Гигиена труда и профзаболеваний (М.), № 9, 1981;
Концепция восстановления экологического равновесия в зоне Аральского моря, А.-А., 1992;
Очерки физиологии и патофизиологии ликвородинамики и внутричерепного давления, А.—Караганда, 1996;
Улучшение здоровья населения в аулах — насущная современная проблема, А., 2001;
Заблуждения, ложь и истина по вопросу оценки влияния на здоровье людей испытания атомного оружия на Семипалатинском ядерном полигоне, А., 2002.
Б. Атшабаровтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары
Статьи Б. Атшабарова опубликованные на страницах периодической печати
Атшабаров, Б.Дәстүр және денсаулық : [Қазақ халқының,соның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығына көзқарас] / Б. Атшабаров // Жұлдыз. - 2000. - №4. - Б. 123-132.
Атшабаров, Б.Дабыл : 1957-1960 жылдары Семей полигоны маңайына тұңғыш ғылыми экспедиция ұйымдастырған ғалым Бахия Атшабаровпен сұхбат / Б. Атшабаров ; әңгімелеск. Қ. Аманжол. - // Егемен Қазақстан. - 2009. - 8 қыркүйек. - Б. 4.
Атшабаров Бахия туралы әдебиеттер
Литература о Бахии Атшабарова
Атшабаров, Бахия Атшабарұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, /Бас ред. Ә. Нысанбаев. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. - Т. I.- 720 б.- Атшабаров Б : - Б.530
Ілияс, Ә. Әскери дәрігерлердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктері / Ә. Ілияс. - // Ертіс өңірі . - 2014. - 14 мамыр. - Б. 11.
Серғазы, Ж. Экология. Радиация. Денсаулық : халықаралық конференция / Ж. Серғазы. // Семей таңы. - 2017. - 1 қыркүйек. - Б. 2.
Айтбембет Б. Академик Атшабаровтың ерлігі неге ескерілмейді? [Мәтін]: [академик Бақия Атшабаров есімін ұлықтау туралы] / А. Бегалы. - // Егемен Қазақстан . - 2017.- 15 қараша (№ 220). – Б.7.