Известные имена

Рахимова Р. Ж.

Rahimova big

Рахимова Рая Жанғалиқызы (1953 ж.) – дәрігер, балалар хирургі, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы

1953 жылы 8 маусымда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: медициналық және экономикалық. 1976 жылы Алматы медициналық институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірген. Институтты бітіргеннен кейін 1982 жылға дейін Өскемен қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында хирург болып жұмыс істеген. 1982 жылдан – №1 қалалық ауруханада хирург, 1989 жылдан - Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі және сонымен қатар штаттан тыс облыстық балалар хирургі қызметін атқарған.

1999 жылы «Облыстық балалар ауруханасы» КМҚК директоры болып тағайындалды және өзінің хирургиялық қызметін жетілдіре отырып, хирург жұмысын қоса алып жүреді. Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург және Баку қалаларында хирургия бойынша мамандандырудан өтіп, біліктілігін арттырған. 2001 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің сертификатын ала отырып, «Реформалау жағдайындағы денсаулық сақтауды басқару және экономика» атты оқу курсын аяқтайды. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Әлеуметтік орта мен салалардағы экономика» мамандығын сырттай аяқтады. 2003 жылы «Әлеуметтік медицина, денсаулық сақтауды басқару мен ұйымдастырудың өзекті мәселелері» циклі бойынша Өскемен қаласының АМДБЖИ-де мамандандырудан өтті.

2005 жылы Алматы қаласында «Балалар жасындағы шұғыл хирургия» мамандандыруынан өткен. 2002 жылы Өскемен қаласында өткен «Экология және балалар» республикалық конференциясының негізгі ұйымдастырушыларының бірі болды. Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің кәсіпорын директоры және штаттан тыс балалар хирургы бола отырып, емдеу, ұйымдастыру және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді және сонымен бірге жаңа туған нәрестелердегі ақаулардың көптеген күрделі операцияларын, урологиялық және проктологиялық операцияларды және абдоминальды хирургияны жүргізе отырып, балалар хирургінің үлкен практикалық қызметін жалғастырады. Ғылыми-практикалық мақалалар жинағында және халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында хирургия бойынша баспа жұмыстары бар.

Денсаулық сақтау саласының үздігі, «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші және төртінші шақырылымдарының депутаты.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен сіңірген еңбегі үшін Рахимова Рая Жанғалиқызына «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілсін.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/319-IV шешімі.

Тұрмыста, екі ұлы бар.

Р. Ж. Рахимованың мақаласы

Статьи Р. Ж. Рахимовой

Рахимова, Р. Күршімге барған сапарымыз үлкен өзгеріске бастады./сұхб. Ж. Мұқатай // Күршім жаршысы. - 2024. - 12 шілде. - Б. 4

Р. Ж. Рахимова туралы әдебиет

Литература о Р. Ж. Рахимовой

 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Рахимова Р. Ж.: б.630.

 

Р. Ж. Рахимова туралы мақала

Статьи о Р. Ж. Рахимовой

 

Минченко, В. Проводы года под брызги шампанского [Текст] : [о враче Р. Ж. Рахимовой] / В. Минченко // Рудный Алтай. - 2010. - 30 дек. - С. 1, 2.

Оркушпаева, Н. Большие дела хрупкого "генерала" [Текст] : [о враче Р. Ж. Рахимовой] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2017. - 27 июля. - С. 23

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Рахимова Р. Ж. [Электронный ресурс] //Официальный портал представительной власти
Восточно-Казахстанской области
: сайт, - Режим доступа : http://www.maslihatvko.gov.kz/ru/book_9.htm

Якунина, И. Главный врач Центра матери и ребенка Рая Рахимова добилась открытия в Восточном Казахстане современного детского диагностического центра [Электронный ресурс] : сайт. – Режим доступа : https://astanatv.kz/ru/news/42254/

Рахимова Рая [Электронный ресурс] //Официальный сайт национального конкурса «Друг детства». - Режим доступа : http://www.drugdetstva.kz/news/detail/678