Бижігітов Жақсыбай Бидахметұлы (1948 ж.) – медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ-Ресей медициналық университетінің кафедра меңгерушісі, КСРО және ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, II сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Марқакөл аудандарының Құрметті азаматы.
1948 жылы 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Күршім (бұрынғы Марқакөл) ауданында дүниеге келген. 1973 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Еңбек жолын Марқакөл аудандық ауруханасынан бастаған. 1982 жылы Марқакөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалады; 1989 жылы – Ленинск қаласының бас дәрігері; 1992 жылы – Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болған. 1995 жылы Ж. Бижігітов – Алматы қаласының № 8 қалалық емханасы мен Алмалы аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері; 1999 жылы – «№ 8 қалалық емхана» МКҚК бас дәрігері; 2006 жылы – Алматы қаласының Алмалы аудандық медициналық медициналық бірлестігінің бас дәрігері қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ-Ресей медициналық университетінің амбулаториялық-емханалық терапия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. «АСМЕД» медициналық орталығының, «Макиза» ЖШС директоры. Медициналық қызметтер нарығында 12 жылдан астам уақыт еңбек етуде. Медициналық орталық екі медициналық университеттің клиникалық базасы болып табылады.
Ж. Б. Бижігітовтің 70-тен астам ғылыми баспа жұмыстары, үш монографиясы, төрт ғылыми-әдістемелік әзірлемелері мен ұсынымдары бар. Жоғары курстарға арналған госпитальдық терапия бойынша оқулық шығарған. «Ұлттық Медициналық Ассоциация» РҚБ мүшесі, ортаазиялық ревматолог-дәрігерлер қауымдастығының құрылтайшыларының бірі.
«Құрмет» орденін, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалін, Пирогов атындағы медалін, «Байқоңыр ғарыш айлағын игеруге 25 жыл» медалін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасын, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін иеленген. «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары марапаты – «Алтын Дәрігер» төсбелгісінің иегері.
Ж. Б. Бижігітовтың ғылыми еңбектері
Научные труды Ж.Б. Бижигитова
Бижигитов, Ж. Б. Новые медико-технологические подходы к организации ревматологической помощи населению крупного города : автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата медицинских наук / Ж. Б. Бижигитов - Алматы : [б. и.], 2005. - 32 с
Бижигитов, Ж. Б. Новые медико-технологические подходы к организации ревматологической помощи населению крупного города [Текст] : Дис. ... канд. мед. наук / Ж.Б. Бижигитов ; Высшая Школа общественного здравоохранения; науч. рук. Тажиев Е.Б. – Алматы, 2005. – 139 с. - Библиогр.: С 124 -133
Бижигитов, Ж. Б. Новые медико-технологические подходы к организации ревматологической помощи населению крупного города [Текст] : Автореф... канд.мед.наук / Ж.Б. Бижигитов ; Науч.рук.Тажиев Е.Б. – Алматы, 2005. – 29 с.
Бижигитов, Ж. Б. Организационно-технологическое моделирование процессов развития здравоохранения г.Алматы [Текст] : автореф. ... д-ра мед. наук / Ж.Б. Бижигитов ; Высш. школа обществ. здравоохранения ; науч. конс.: Рахыпбеков Т.К., Тажиев Е.Б. – Семей, 2010. – 34 с.
Бижигитов, Ж. Б. Организационно-технологическое моделирование процессов развития здравоохранения г.Алматы [Текст] : дис. ... д-ра мед. наук / Ж.Б. Бижигитов ; Высшая Школа общественного здравоохранения ; науч. конс.: Рахыпбеков Т.К., Тажиев Е.Б. – Астана, 2010. – 308 с.- Библиогр.: с. 271-288
Бижигитов, Ж.Б. Анализ и оценка динамического наблюдения по результатам профилактического осмотра в организациях ПМСП г.Алматы [Текст] / Ж.Б. Бижигитов // Медицина және экология = Медицина и экология. – 2010. - № 1. - С. 109-111
Ж. Б. Бижігітов туралы әдебиет
Литература о Ж. Б. Бижигитове
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бижігітов Ж. Б.: б. 272.