Известные имена

Башабаев М. Т.

00

Башабаев Марат Тыштықпайұлы - дәрігер, хирург

1960 жылы 16 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Алексеевка ауылында (қазіргі Күршім ауданы Марқакөл ауылы) дүниеге келген.

1967 - 1977 жж. аралығында Алексеевка орта мектебінде оқыған. 1977 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Семей медициналық институтының "Емдеу ісі" факультетіне оқуға түседі. 1983 жылы Семей медициналық институтын аяқтайды. 1983-1984 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімінің базасында интернатурадан өтті.

1984 жылдың шілде айынан бастап Марқакөл аудандық орталық ауруханасында хирург, 1989 жылдан осы аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1991 жылдан 1997 жылы ШҚ ОМО ауыстырылғанға дейін Марқакөл ОАА бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1997 жылы Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінің операциялық блогының меңгерушісі ретінде жұмысқа қабылданады. 2003 жылдан бастап проктология, торакальды және абдоминальды хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2013 жылғы 23 тамызда ШҚО ДСБ бас хирургы болып тағайындалады. Өскемен қаласындағы ШҚ облыстық ауруханасының жетекші хирургы болады.

2008 жылы «Субклиникалық гипотериозы бар БКБ науқастарында операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

1995 жылы беріліп, 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж. расталған хирург-дәрігердің жоғары біліктілік санаты бар.

Келесі маманданудан өткен:

-          «Абдоминалды және кеуде хирургиясының өзекті мәселелері», Павлодар қаласы, 1987 ж.;

-          «Абдоминалды және кеуде хирургиясының өзекті мәселелері», Алматы қаласы, 1990 ж.;

-          «Қан тамыр хирургиясының өзекті мәселелері», Алматы қаласы, 1994 ж;

-          «Абдоминалды және кеуде хирургиясының өзекті мәселелері», Алматы қаласы, 1998 ж.;

-          «Жалпы эндокринологиялық хирургия, лазерлі және эндоскоптық хирургия» Мәскеу қаласы, 2002 ж.;

-          АГИУФ жанында тиреодология бойынша мамандану, Алматы қаласы, 2006 ж.;

-          «Қан тамыр хирургиясының өзекті мәселелері», Павлодар қаласы, 2007 ж.;

-          «Хирургияның өзекті мәселелері», Павлодар қаласы, 2010 ж.;

-          «Асқазанның эндоскопиялық резекциясы», Астана қаласы, 2013 ж.;

-          «Эндоскопиялық хирургия», Астана қаласы, 2013 ж.

2003 жылдан бастап Ресей және ТМД хирург-гепатологтары қауымдастығының мүшесі, 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы эндобейнехирургтары қауымдастығының мүшесі.

2012 жылы Оңтүстік Корея мен Израильде медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша - эндобейнехирургия бойынша тағылымдамадан өтті.

Халықаралық хирургиялық конгрестердің жұмысына қатысты. 37 баспа жұмыстарының авторы.

Рационализаторлық қызметпен белсенді айналысады. 2 патенттелген өнертабысы бар. Аудандық хирургтер үшін "Жедел төгілген іріңді перитониті", "Жедел деструктивті панкреатиті" және "Субклиникалық гипотиреозы бар өт тас ауруы бар науқастарды диагностикалау мен емдеу" алгоритмін жасаған. Бауыр, көкбауыр және ӨЖЖ кисталары мен абсцестерінде УДЗ бақылауымен хирургиялық операциялар жүргізу әдістемесін меңгерген. Аймақтағы ВСПП гепатикоеюноанастомоз, бауырдың кеңейтілген резекциясы, панкреатодуоденальды резекция жасайтын жалғыз маман.

2015 ж. 24 сәуірде Алматы қаласында өткен хирургтардың 4 конгресінде ШҚО деректері бойынша панкреатиттің жіті деструктивтік түрлерін емдеу нәтижелері бойынша баяндама жасады.

Келесі қоғамдық қызмет түрлерімен айналысқан:

-          1989-1993 жж. – Марқакөл аудандық мәслихатының депутаты;

-          1994-1998 жж. – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты.

     2005, 2008 жж. денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі төс белгісімен марапатталған. 2013 жылы ШҚО бойынша денсаулық сақтау саласының үздік маманы атағы берілген. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Жылдың үздік қызметкері атанған. 2013 және 2016 жылдары ЖҚБ грамоталарымен және 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

М. Т. Башабаев туралы мақала

Статьи о Башабаеве М.Т.

Қасым, А. Маған операцияны Бошабаев жасасыншы... : отыз мыңға жуық операция жасаған хирург Марат Башабаев туралы бір үзік сыр [Мәтін] / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 19 маусым. - Б. 8.

Сарсембаева, Б. Высший пилотаж хирурга Башабаева : о хирурге высшей категории кандидате медицинских наук Марате Башабаеве [Текст] / Б. Сарсембаева. // Рудный Алтай. - 2019. - 15 июня. - С. 3.

О награждении государственными наградами Республики Казахстан : выписка из Указа Президента РК [Текст] / Н.А. Назарбаев // Рудный Алтай. - 2016. - 16 декабря. - С. 5.