Известные имена

Құлжанова Ш. А.

holpan

Құлжанова Шолпан Адлғазықызы (1964) – медицина ғылымдарының докторы, жұқпалы аурулар дәрігері

1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының Емдеу факультетін бітірген. 1988 жылдан 1990 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина институтының Инфекциялық аурулар кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды, оны бітіргеннен кейін ассистент болып қабылданды, кейіннен доцент лауазымына ауыстырылды. 1997 жылы ҚР БҒМ ЖАК доцент ғылыми атағы берілді. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Семей қаласының ММУ жұқпалы аурулар кафедрасы жанындағы докторантурада оқыды, 2009 жылдың қараша айында докторлық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 2012 жылдан 2013 жылға дейін – «Астана Медицина Университеті» АҚ инфекциялық аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі болған. Жетекші республикалық және халықаралық басылымдарда жарияланған 130-дан астам жарияланымның, оның ішінде екі жарияланым халықаралық импакт-факторы бар журналдарда, орыс және қазақ тілдерінде «Инфекциялық аурулар бойынша анықтамалық» оқулығында, ҚР БҒМ бекіткен студенттер мен инфекционист дәрігерлерге арналған 2 әдістемелік ұсынымда, өнертабысқа ҚР 2 алдын ала патентінде, 6 рационализаторлық ұсыныста автор болып табылады. Еуразиялық инфекционистер қоғамының, әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің инфекциялық аурулар бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі, Қарағанды медицина университеті жанындағы PhD-диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің мүшесі.

«2010 жылғы Семей қ. ММУ үздік оқытушысы» Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен марапатталған.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Кулжанова Ш. А. Названы основные меры защиты от коронавируса/ Ш. А. Кулжанова //сайт. - Режим доступа: https://www.inform.kz/ru/nazvany-osnovnye-mery-zaschity-ot-koronavirusa_a3709941

Кулжанова Ш. А. [Электронный ресурс] : [биография] //Официальный сайт медицинского университета Астаны: сайт. – Режим доступа: https://www.amu.kz/educational-activities/general_medicine/?BRUNCH_ID=29762