Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Камасова З. А.

7894Камасова Зарина Айдарханқызы (1962) – педиатр-дәрігер, офтальмолог-дәрігер, ҚР Парламент Мәжілісінінің VIІ шақырылым депутаты.

20 қарашада Украинаның Черкасск облысы, Умань қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия мамандығын бітірген. Зарина Айдарханқызы денсаулық сақтау саласының біліктілігі жоғары санаттағы ұйымдастырушысы. Денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі – 41 жыл. Институтты бітіргеннен кейін Семипалатинск (қазіргі Семей) қаласындағы облыстық офтальмологиялық ауруханада дәрігер – интерн болып қызмет атқарады (1990-1991). Кейін осы аурухананың офтальмолог дәрігері болады (1991-1994). 1994-1996 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтының Көз аурулары кафедрасының ассистенті. Одан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауруханасында офтальмолог-дәрігер болып жұмыс істейді. 1997 жылдан бастап «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК ШҚО штаттан тыс бас офтальмологы (1997-2013) және Өскемен қалалық Көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі қызметін қоса атқарады. 2013 жылдан бастап "Көз микрохирургиясы клиникасы" ЖШС бас дәрігері. 2014 жылдан 2020 жылға дейін аталған мекеменің директоры.

Партиялық қызметі: 2016 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссиясын басқарды. «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (14.12.2020 ж.), «Нұр Отан» партиясынан VIІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (15.01.2021 ж. бастап).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

- ҚР ДСМ «ҚР үздік балалар офтальмологиялық қызметі» грамотасы, 2011 ж.;

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты;

- Облыс әкімінің грамоталары, 2003 ж. және 2017 ж.;

- Өскемен қаласы әкімінің грамотасы, 2018 ж.;

- 2016 жылдың желтоқсан айында «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі;

- 12.04.2017 ж. «Үздік депутат» төсбелгісі;

- 2019 ж. «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалі;

- 12.2018 ж. «Астана 20 жыл» мерекелік медалі;

- ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Алғыс хаты;

- «ШҚО Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» байқауының жеңімпазы, 2013 ж.;

- 2020 ж. «Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісі;

Зарина Камасованың белсенді қатысуымен қала мен облысты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша сайлау округінің аумағында күрделі жөндеуден өтіп, мемлекеттік емхана ашылды, жедел медициналық жәрдем қызметі жұмысының көптеген мәселелері шешілді, мектептер мен балабақшалар салынды, жолдар салынды, балалар мен спорт алаңдары бар ондаған аулалар абаттандырылды.

 Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Камасова Зарина Айдархановна [Электронный ресурс] //Официальный сайт Мажилиса Парламента РК: сайт. – Режим доступа: http://www.parlam.kz/ru/blogs/Kamasova/Biography

Главный офтальмолог ВКО призывает коллег включиться в праймериз [Электронный ресурс] : сайт. – Режим доступа: https://liter.kz/71246-2/