Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Құдайбергенова С. Ф.

Кудайбергенова Сауле Фазыловна

Құдайбергенова Сәуле Фазылқызы (1960 ж.т.) – медицина ғылымдарының докторы, профессор.

1960 жылы 1 мамырда ҚР Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:
1983 ж. - Семей мемлекеттік медицина институты - (№244898 ЖВ үздік дипломы), емдік іс мамандығы.

2020 ж. - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, (№0178931 ЖБ-Б үздік дипломы), менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.


Дипломнан кейінгі білім:

1983-1984 жж. – Интернатура – оториноларингология кафедрасы (ересектер), Н. И. Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу медициналық институты (Мәскеу, Ресей).

1990-1992 жж. - Клиникалық ординатура: Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты, оториноларингология (ересектер).

1994 ж. – «Клиническая эффективность иглоаналгезии при тонзиллэктомии» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация, 14.00.04 мамандығы бойынша – құлақ, тамақ және мұрын аурулары.

2010 ж. – «Диагностика и лечение аллергического ринита с сопутствующей патологией ЛОР-органов» тақырыбы бойынша докторлық диссертация, 14.00.36 мамандығы бойынша – аллергология және иммунология; 14.00.04. – құлақ, тамақ және мұрын аурулары.

2004-2019 жж. – «С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ»: ассистент, доцент, профессор, оториноларингология кафедрасының меңгерушісі (конкурс бойынша сайланған).

2015 ж. - Ғылыми атағы: қауымдастырылған профессор (доцент) (ДЦ №0000090) (ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 20 ақпандағы шешімі, № 256 бұйрық).

2000-2004 жж. – Республикалық кеңестік орталық (РКО), Алматы. Лауазымы: оториноларинголог дәрігер, РКО хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, РКО бойынша ұжымның сенімді дәрігері.
1994-2000 жж. - Гигиена және кәсіптік аурулар ҒЗИ кәсіптік патологиялық клиникасы. Өскемен қаласы (ШҚО). Лауазымы: дәрігер-ординатор, кейін гигиена және кәсіптік аурулар ҒЗИ клиникасының аллергология бөлімінің меңгерушісі.

2015 ж. – қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ аккредиттелген сот және атқарушы органдардың сұранысы бойынша тәуелсіз сарапшы (№KZ41VEK00003098 аккредиттеу туралы куәлік. Астана қ. Аккредиттеу саласы оториноларингология (ересектер). ҚР ДСМ және СР директивалық, нормативтік құжатын – «Перитонзиллярлық абсцесс» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасын әзірлеуші (ҚР ДСМ 12.04.2013 ж. № 76 өкімі).

2020 ж., желтоқсан – білімді бағалау үшін тест сұрақтарын әзірлеу бойынша «ҰЭО» РҚБ тізіліміне енгізілді (оториноларингология, оның ішінде балалар мамандығы бойынша).

Дәрігерлік біліктілігі: оториноларинголог-дәрігердің жоғары біліктілік санаты (2009, 2014, 2019 жж.), аллерголог-дәрігердің жоғары біліктілік санаты (1998 ж.).

Марапаттары:

2017 ж. – «ЖОО үздік оқытушысы -2017» атағының иегері (ҚР БҒМ сертификаты).

2003 ж. – Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (Астана қ.).

2005 ж. – «Золотой значок АВ и ПК» (қазіргі Ұлттық медициналық қауымдастық (NMA), ҚР Денсаулық сақтау саласының үздік дәрігері және қоғам қайраткері ретінде берілген.

2015 ж. – отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі және Қазақстан халқының денсаулығы үшін риясыз еңбегі үшін «Алтын Дәрігер» төсбелгісі.


Халықаралық (шетелдік) тағылымдамалық тәжірибелері:


2013 ж. - 3.35 Т мамандығы бойынша «Болашақ»-тың стипендиаты – Surgery (cardiosurgery, vascularsurgery, laparoscopic surgery, spinal neurosurgery). ВУЗ - Universitatsklinik fur Hals-, Nasen-Ohrenheilkunde der Medizinischen Universitat Innsbruck (Innsbruck, Austria).
2010 ж. - И. М. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы құлақ, тамақ және мұрын аурулары клиникасы (Ресей, Мәскеу).

2008 ж. – ғылыми тағылымдама - ДААД (Deutscher akademischer AustauschDienst) «Обмен учеными». ВУЗ - Universitatsklinikum Carl Gustav Carus der Technischen Universitat Dresden/Klinik und Poliklinik fur Hals-, Nasen-Ohrenheilkunde.

Соңғы 5 жылдағы үздіксіз білім:


2019 ж. - США, Мичиган, г. Анн Арбор. Otolaryngology - Head and Neck Surgery. The University of Michigan, Health System. The Temporal Bone Lab Med Medical Center Dr.Ann ArborMichigan, Health System. The Temporal Bone Lab Med Medical Center Dr.Ann Arbor, самай сүйегінің диссекциясы бойынша курс.
2018 ж. – Украина, Киев, профессор О. С. Коломийченко атындағы отоларингология институты, . П. Л. Шупик атындағыЖоғары оқу орнынан кейінгі Ұлттық Медицина Академиясы. «Құлақ микрохирургиясы және отонейрохирургия курстары».

Жарияланымдары:

100-ден астам баспа жұмыстары бар. Ең маңызды жарияланымдары: 2 әдістемелік құрал, 2 оқу-әдістемелік құрал, олардың бірі «Клиническая анатомия носа» ҚР ДСМ БҒМ және РИТО (Республикалық инновациялық технологиялар орталығы) грифімен, 1 оқу құралы ҚР БҒМ-нің дайындық бағыты бойынша ОӘБ грифімен «Клиническая анатомия гортани и трахеи» (2020); өнертабысқа арналған 5 инновациялық патент; 2 мақала Scopus журналында жарияланған; 2 мақала BioMed Research International журналында Impact Factor 2.880 (Хирш индексі - 2-ден астам) және Journal of General Medicine журналында (2022) бір мақаласы жарияланған, Q2 рейтингі, процентиль 72.

С. Ф. Құдайбергенованың редакциясымен келесі тарихи очерк жарық көрген: «Оториноларингология Казахстана: из XX века в XXI век» – к 80-летию кафедры оториноларингологии КазНМУ имени С. Д. Асфендиярова. ISBN 978-601-7782-94-8; УДК 616.21-(063); ББК 56.8. / Алматы. - 2018. - 272 с.

Шет тілдерін меңгеруі: Goete-Zertifikat (Teilnahmebestaetigung (В2)(Goethe-Institut e.V).
Хоббиі: кітап оқу, оқ ату.

С. Ф. Құдайбергенованың жарияланымдары
Публикации Кудайбергеновой С. Ф. 
Кітаптар - Книги
 
Кудайбергенова, С. Ф. Клиническая эффективность иглоаналгезии при тонзиллэктомии : автореферат / С. Ф. Кудайбергенова - Алматы : Б. и., 1994. - 21 с. - Б. ц.
 
Мақалалар - Статьи 

Кудайбергенова, С. Ф. Спиральная компьютерная томография в диагностике заболеваний носовой полости и околоносовых пазух / С. Ф. Кудайбергенова [и др.]. - Текст // Медицина. - 2009. - N 10. - С. 58-60.
 
Кудайбергенова, С. Ф., Джаркинбекова, Г. К., Жайсакова, Д. Е. Прогностическое значение интерлейкина-4 при аллергических ринитах [Текст] / С. Ф. Кудайбергенова, Г. К. Джаркинбекова, Д. Е. Жайсакова// Вестник КАЗНМУ. – 2012. - №2 - С.105-107. - http://rmebrk.kz/journals/4337/63522.pdf

С. Ф. Құдайбергенованың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Кудайбергеновой С. Ф.

Асфендиярова С. Д. Оториноларингология Казахстана: из ХХ века в XXI век : исторический очерк / С. Д. Асфендиярова ; ред. С. Ф. Кудайбергенова. – Алматы : Асыл кітап, 2018. – 272 с.
 
С. Ф. Құдайбергенова туралы әдебиет
Литература о Кудайбергеновой С. Ф.

Кітаптар - Книги

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Кудайбергенова С. Ф.: Б. 477.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки 

Кудайбергенова С. Ф. / Официальный сайт РОО «Национальная Медицинская Ассоциация». - Текст : электронный // http://www.nma.org.kz : [сайт]. - URL : http://www.nma.org.kz/about/photogallery/?ELEMENT_ID=34355 (дата обращения : 10.07.2023)

Кудайбергенова С. Ф. / Официальный сайт КазНМУ. - Текст : электронный // https://general.kaznmu.kz : [сайт]. - URL : https://general.kaznmu.kz/department-staff-3/ (дата обращения : 10.07.2023)

Кудайбергенова Сайле Фазыловна / База патентов Казахстана. -  Текст : электронный // https://kzpatents.com : [сайт]. - URL : https://kzpatents.com/patents/kudajjbergenova-saule-fazylovna (дата обращения : 10.07.2023)