Мусинов Серікбол Рахымханұлы (1957) – Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
1957 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы Сұлутал ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Семей медициналық институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан провизор медицина академиясын аяқтады, осы жылы экономист мамандығы бойынша Д.М. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің дипломын алды. 2003 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, тақырыбы: «Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасының наркологиялық қызметінің даму ерекшеліктері». Әр жылдары Аягөз аудандық орталық ауруханасында дәрігер-интерн (1980-1981); Жаңасемей аудандық медициналық бірлестігі емханасының дәрігер-педиатры (1981-1983) болып жұмыс істеді;
«Сосна» балалар туберкулезге қарсы санаторийінің бас дәрігері (1986-1990); облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері (1990-1992); Семей облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бірінші орынбасары (1992); Семей қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1992-1994); Семей облысының Денсаулық сақтау департаментінің бастығы (1994-1997); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің проректоры (1997-1998); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және сапасын бақылау департаменті бастығының орынбасары, басқарма бастығы, директордың орынбасары, директоры (1998-2001); коммерциялық орталықтың директоры, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС вице-президенті (2001-2002); Астана қаласының фармацевтикалық бақылау басқармасының бастығы (2002-2003); фармацевтикалық бақылау және дәрілік саясат басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (2003-2004); «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының ғылыми-практикалық орталығы» РМК директорының орынбасары (2004-2006); стратегиялық даму департаментінің директоры, «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директорының орынбасары (2006-2007); «Астана қаласының ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталық салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті өкілі, «Республикалық диагностикалық орталық» РМК директоры (2007-2008); Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (11.2008-05.2011); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы (05.2011-08.2014); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары (13.08.2014-30.12.2014); ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры (01.2015-11.2017); Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2017-09.2018).
2015 жыл II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
С. Р. Мусиновтың ғылыми мақалалары
Научные статьи С. Р. Мусинова
Мусинов С.Р. Особенности развития наркологической службы Республики Казахстан в современных социально-экономических условиях:Автореф. …канд.мед.наук:14.00.33. / С.Р. Мусинов.- Алматы, 2003.- 23с.
С. Мусинов О преимуществах и перспективах развития централизованной системы закупок лекарств / С. Мусинов // https://www.pharm.reviews/stati/sobytiya/item/1692-s-musinov-o-preimushchestvakh-i-perspektivakh-razvitiya-tsentralizovannoj-sistemy-zakupok-lekarstv
С. Р. Мусиновтың бірлесіп шығарған ғылыми мақалалары
Научные статьи С. Р. Мусинова в соавторстве
Мусинов С. Р. Государственная фармакопея - главный стандарт качества лекарственных средств и изделий медицинского назначения в республике Казахстан /С.Р. Мусинов// https://cyberleninka.ru/article/n/gosudarstvennaya-farmakopeya-glavnyy-standart-kachestva-lekarstvennyh-sredstv-i-izdeliy-meditsinskogo-naznacheniya-v-respublike
Мусинов С. Р. Тулегенова А. У. Государственная фармакопея - главный стандарт качества лекарственных средств и изделий медицинского назначения в Республике Казахстан /С. Р. Мусинов, А. У. Тулегенова // https://www.vedomostincesmp.ru/jour/article/view/75?locale=ru_RU#
С. Р. Мусинов туралы әдебиет
Литература о Мусинове С. Р.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Мусинов С. Р.: б. 538.