Известные имена

Құсымжанов С. М.

 

Құсымжанов Суният Мырзекенұлы (1959) – уролог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы1111

1959 жылы 3 қаңтарда Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан) дүниеге келген.

1982 жылы АММИ-дың емдеу факультетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Әр жылдары стажер-зерттеуші, аспирант, АММИ урология және оперативті урология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 1990 жылдан академик Б.О. Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығының реконструктивті-пластикалық урология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы.

1988 жылы «Жіті эпидидимоорхиттің диагностикасы және емдеу» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғады, 1996 жылдан бастап доцент. 1997 жылы ҚР ДМ урология ҒО-да (Алматы қ.) «Бүйректің кисталық ауруларының клиникасы, диагностикасы және емдеу» тақырыбында медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғады.

69 ғылыми жұмыс, оның ішінде 1 монография, 1 оқулық, 2 әдістемелік ұсыныс, 6 өнертабысқа патент (авторлық куәлік) жариялады.

Ең маңызды жұмыстары: «Бүйректің солитарлы кисталарын эндоскопиялық емдеу әдісі». ҚР № 1030, 1994 өнертабысына алдын ала патент; «Бүйректің кисталық ауруларын емдеудің заманауи диагностикасы және эндоскопиялық әдістері», Retroperitoneal operations on kidneys using Iaparoscopis technigue « British JonrnaI of UroIogy»,Percutaneous retroperitoneaI endoscopis surgery of some diseases of kidney «JonrnaI of EndourIogy».

Республикада алғаш рет жіті эпидидимоорхитті емдеудің белсенді хирургиялық тактикасын негіздеді және клиникалық практикаға енгізді. ТМД-да алғаш рет бүйректің кистикалық аурулары, бүйректің және ретроперитонеальды кеңістіктің ісіктері кезінде хирургиялық лапароскопты қолдана отырып, минималды инвазивті перкуторлы, ретроперитонеальды эндоскопиялық араласулар, қайталама мыжылған бүйректегі эндоскопиялық нефрэктомия, бүйректің гиоплазиясы және мультикистозы, варикоцелді жоюдың лапароскопиялық (тамырішілік склеротерапиямен) әдістері жасалды және енгізілді. Көптеген урологиялық аурулар кезінде аса күрделі реконструктивті-пластикалық және хирургиялық оталарды жетік меңгерген және орындайды. Профессор С.М. Құсымжанов ірі ғалым, педагог, әртүрлі урологиялық ауруларды оперативті емдеудің ең заманауи, күрделі және жоғары технологиялық әдістерін меңгерген, республиканың медициналық қоғамдастығы арасында беделді болып танылған жоғары кәсіби дәрігер-уролог болып табылады.

Сүйіп оқитын әдебиеті – А.П. Чехов, Ш. Айтматов. «Битлз» ансамблінің музыкалық шығармаларымен, эстрадалық және классикалық музыкамен әуестенеді. Сүйікті спорт түрі – футбол.

 

 С. М. Құсымжанов туралы әдебиет 

Литература о С. М. Кусымжанове

 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Кұсымжанов С. М.: б. 491.

Кто есть кто в медицине. Т.1. - Алматы: КАзГМИ, 2002. - С.135

Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. - Алматы: Гл.ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1999. - С.215

Кусымжанов, С. М. Перкутанная ретроперитонеальная эндоскопическая коррекция гидронефроза / С. М. Кусымжанов, К. М. Абдильманов - Текст // Медицина. - 2005. - №8. - С. 32-34.