Сағатова Мадиша Ескенқызы (1964) – санитарлық-эпидемиологиялық сараптама дәрігері.
1964 жылы 21 қазанда дүниеге келген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды медициналық институтына, профилактикалық медицина, биология және фармация факультетіне оқуға түскен.
Еңбек жолы 1989 жылдан басталған. Қазіргі уақытта «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Мадиша Ескенқызы өзінің еңбек жолында қауіпті инфекциялардың өршуін жоюға ат салысқан. Мысалы, ШҚО бойынша және Абай облысы бойынша сібір жарасының өршуі. Сонымен бірге, 1999-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысында 3000-нан астам адам ауырған лептоспироз ауруымен күрескен. 2009 жылы шошқа тұмауының өршуі М. Ескенқызының қатысуымен қысқа мерзімде жойылды.
Коронавирустық инфекция «Ұлттық сараптама орталығы» зертханаларының сарапшылары үшін жаңа сынақ болды. Пандемия кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуге тура келді.
Мадиша Ескенқызы ғылыми қызметпен де айналысып үлгереді. Ол жариялаған 20-дан астам ғылыми мақалаларында біздің сарапшы ЖРВИ вирустарын, ШҚО аумағында тұмау айналымын, сібір жарасы қоздырғышының штамдарын анықтау әдістерін, кене энцефалитінің ошақтарын зерттеді.
Сондай-ақ, ол білімін үнемі толықтырып отырады, жаңа зертханалық технологиялар, процестердің сапасын басқару үрдісінде болуға тырысады.
Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына қол жеткізудегі белсенді жұмысы үшін Мадиша Ескенқызы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, «Шапағат» медалімен, «Халық алғысы» медалімен марапатталды. 2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
2023 жылы Мадиша Сағатова «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» номинациясын иеленген.