Известные имена

Есімдер

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

Сафонов Ф.М.

SafonovFedMatvСафонов Федор Матвеевич (1923-2008) –Кеңес Одағының Батыры.

Федор Матвеевич Сафонов, (1923-2008)- кеңесұшқыш -штурмовигі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры

Ұста отбасында дүниеге келген. Отбасында 11 бала болды, оларды асырау қиын болғандықтан, 1932 жылы отбасы Қырғызстанның  Фрунзе облысына көшті.  1933 жылы әкесі Матвей Васильевич Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының Михайлов совхозына жалдамалы жұмыс үшін көшіп келді.

1939 жылы Федор Сафонов Шығыс Қазақстан облысының Үбі орталау мектебінен жеті сынып бітіріп, Семейдің ауылшаруашылығы техникумына оқуға түсті, өйткені осы техникумның жатақханасында бос орындар болған еді. Сонымен бірге Семейде аэроклуб ісімен айналысты. Сафонов аэроклубтың үздік түлегі болғандықтан  І -Чкалов әскери ұшқыштар мектебіне жіберілді.

1940 жылы Сафонов Қызыл Армия қатарына шақырылып, әскери ұшқыштар мектебінде оқи бастайды. По-2, УТ-1, [УТ-2], Р-5, СБ  тәрізді әртүрлі типтегі самолетте   ұшуға дайындықтан өтеді. Ил-2 штурмовигімен ұшуды игереді.

1944 жылы Куйбышевке жіберіледі, онда 12-запастағы авиация полкына алынып, Ил-2 самолетін иеленген соң майданға аттанады.  1944 жылы 21 шілдеде 1-гвардиялық шабуыл авиациясының, 74-гвардиялық шабуыл авиациясы полкының құрамында әскери іс-қимылдарға қатысқан.

Белоруссия, Литваны азат етуге, Шығыс Пруссияны жаудан қорғауға, соңынан Шығыс Пруссияда қарсыластарды жоюға және Кенигсберг, Пиллауды шабуылдауға қатысты.  

Соғыс жылдары Федор Сафонов  әскери ұшақпен 109 рет  ұшып, 7-әуе ұрысына қатысты. Жау аймағында 300 сағаттан аса болып, екі рет оққа ұрынды. Ұрыс кезінде Сафонов 11 танк, 2 өздігінен жүретін зеңбірек, 2 миномет батареясы, шамамен 46 автокөлік, 2 әскери қару- жарақ қоймасын, жанар май қоймасын, паровоз, 30-шақты теміржол вагонын, 3 зенит батареясын, 7 зеңбірек батареясын және шамамен 300 жау солдатын жойды.

1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда Жеңіс Парадына қатысып, Белорусс майданының оң жақтағы 3-сапында қатар түзеді.   

Соғыстан кейін Барановичи қаласында әскери қызметте болды. 1949 жылы Краснодардағы жоғары штурмандар мектебін бітірді. Соңынан Хабаровскіде және Сахалинде қызмет атқарды. 

1956 жылдан бастап Куйбышевте  ПВО корпусының  бас командалық  пунктінің бастығы болып қызмет істеді. 1961 жылдан бері отставкада.

Куйбышев авиация заводында инженер және бөлім бастығы жұмысын атқарды. Куйбышев халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1979 жылдан бері зейнеткер. Мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысымен айналысып, №12 самар мектебінің  кеңесі мен ондағы тарих мұражайының  мүшесі болды. 2008 жылы 11 мамырда қайтыс болды.  Самара қаласының  № 12 мектебі, бір сквері  Фёдор Сафонов атында. Өскемен қаласында Сафонов атында көше бар.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.669.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.221.

Интернет-ресурстар: