Байгачев Владимир Юрьевич (1961-1982) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1961 ж. 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы) қаласында дүниеге келген. Мектептен кейін №99 кәсіптік-техникалық училищені аяқтайды. Лениногорск полиметалл комбинатының жөндеу-механикалық базасында токарь болып жұмыс істейді.
1981 ж. 22 сәуірде Лениногорск қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 4 қарашада Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 25 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1982 ж. 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында жерленді.
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 38-39.