Байғабылов Қайрат Оразбайұлы (1967-1988) - қатардағы жауынгер, граната лақтырушы.
1967 ж. 28 қарашада Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Первое мая (қазіргі Жоғарғы Егінсу) селосында дүниеге келген. М.И. Калинин атындағы ұжымшарда механизатор болып еңбек етеді.
1986 ж. 15 қарашада Үржар аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. қаңтарда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1988 ж. 19 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Жоғарғы Егінсу ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 36-37.