Балашенко Евгений Анатольевич (1964-1984) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1964 ж. 27 қыркүйекте Джамбул (қазіргі Жамбыл) облысы, Мойынқұм ауданы, Ақсүйек кентінде дүниеге келген. Өскемен қаласындағы №30 мектепті бітірген соң, арматура заводының кәсіптік-техникалық училищесінде оқиды. Училищені аяқтап, зауытта жұмыс істеуге қалады. 1982 ж. 3 қазанда Өскемен қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1984 ж. 18 наурызда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі. 1984 ж. 18 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1984 ж. 27 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жерленді.
1985 ж. 18 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 42-43.