Бангерт Андрей Егорович (1960-1980) - ефрейтор, жаяу әскер жауынгерлік машинасының механик-жүргізушісі.
1960 ж. 18 сәуірде Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бородулиха ауданы, Сосновка селосында дүниеге келген.
1978 ж. 12 қарашада Бородулиха аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1979 ж. желтоқсан айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 8 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Сосновка селосында жерленген.
«Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін» медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 44-45.