Беляев Александр Михайлович (1961-1980) - қатардағы гвардия жауынгері, барлаушы.
1961 ж. 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы) қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, № 99 кәсіптік-техникалық училищеде білім алады. Лениногорск қаласындағы жөндеу базасында токарь болып еңбек етеді.
1979 ж. 31 қазанда Лениногорск қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. 19 мамырда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 5 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 48-49.