Богаев Александр Петрович (1961-1980) - қатардағы гвардия жауынгері, барлаушы.
1961 ж. 2 қыркүйекте Алтай өңірі, Чарыш ауданы, Малый Бещелак селосында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Уварово селосында орта мектепті аяқтайды. Әскерге шақырылғанға дейін жиһаз комбинатында жұмыс істейді.
1979 ж. 2 қарашада Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Өзбекстанда әуе-десант әскерінде дайындықтан өтеді.
1979 ж. желтоқсан айының соңында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 5 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1980 ж. 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Уварово селосында жерленді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін)
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 52-53.