Буньков Анатолий Иванович (1947-1980) - прапорщик.
1947 ж. 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданы, Манько кенішінде дүниеге келген.
1966 ж. 11 қарашада КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Әскери борышын өтегеннен кейін Өскемен қаласында титан-магний комбинатында жұмыс істейді.
1973 ж. 13 желтоқсанда Таврия аудандық әскери комиссариатынан мерзімнен тыс қызметке шақырылады.
1980 ж. 16 сәуірде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 30 қазанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1980 ж. 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы (қазіргі Өскемен қаласы аумағы), Басово селосында жерленді.
1980 ж. 3 қарашадағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 56-57.