Грищенко Владимир Анатольевич (1959-1980) - сержант, барлау бөлімінің командирі.
1959 ж. 28 тамызда РСФСР Алтай өлкесі, Рубцовск қаласында дүниеге келген. Семипалатинск (қазіргі Семей қаласы) қаласындағы №38 орта мектепте білім алады. «Путьрем-9» трестінде еңбек етеді.
1978 ж. 10 қарашада Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. қаңтар айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 8 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 68-69.