Друженьков Олег Борисович (1965-1984) - ефрейтор, аға атқыш.
1965 ж. 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. №22 мектепте білім алады. №9 кәсіптік-техникалық училищені аяқтайды.
1983 ж. 30 қазанда Өскемен қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1984 ж. 6 маусымда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 25 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1984 ж. 2 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жерленді.
1986 ж. 20 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 72-73.