Еремкин Алексей Николаевич (1969-1988) - қатардағы жауынгер, барлаушы-десантшы.
1969 ж. 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кентінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген. 1986 ж. наурыз – 1987 ж. сәуір аралығында Ертіс полиметалл комбинатының құрылыс-монтаж басқармасында жұмыс істейді.
1987 ж. 11 мамырда Глубокое аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. 6 қарашада Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1988 ж. 17 қаңтарда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында жау оғынан ауыр жараланады. 1988 ж. 28 қаңтарда әскери госпитальда алған жарақатынан қайтыс болды. 1988 ж. 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кентінде жерленді.
1988 ж. 20 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен (қаза тапқаннан кейін), 1988 ж. 26 шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 80-81.