Зубко Владимир Иванович (1962-1983) - қатардағы жауынгер, жүргізуші, атқыш.
1962 ж. 24 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы, Октябрьский кентінде дүниеге келген.
1981 ж. 3 сәуірде Шемонайха аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 4 қарашада Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1983 ж. 30 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1983 ж. 8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы, Октябрьский кентінде жерленді.
1983 ж. 20 қазандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін). 1989 ж. 7 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Литература:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 92-93.