Известные имена

Қалиасқаров А.С.

Қалиасқаров А.С. Қалиасқаров Аманбек Сансызбайұлы (1965-1985) - кіші сержант, сапер.


1965 ж. 28 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, Шынқожа ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, «Нарын» кеңшарында тракторшы болып еңбек етеді.
1983 ж. 23 қазанда Аягөз аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1984 ж. сәуір айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1985 ж. 8 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Шынқожа ауылында жерленген.
1985 ж. 25 қазандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 110.