Қыдырманов Ермек Қасенұлы (1965-1984) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1965 ж. 23 қаңтарда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жаңасамей (қазіргі Бородулиха) ауданы, Сарапан ауылында дүниеге келген. №30 Семей кәсіптік-техникалық училищесінде оқиды.
1983 ж. 16 мамырда Семипалатинск қаласындағы Киров аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1983 ж. шілде айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 1 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Сарапан ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 118-119.