Ларионов Александр Васильевич (1958-1984) - капитан, 2-класты әскери ұшқыш, тікұшақ командирі.
1958 ж. 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Таврия (қазіргі Ұлан) ауданы, Новоявленка селосында дүниеге келген.
1975 ж. 3 шілдеде Таврия аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1979 ж. Саратов Жоғары әскери ұшқыштар даярлайтын училищені бітіреді.
1983 ж. 16 қаңтарда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 6 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Новоявленко селосында жерленді.
1983 ж. 3 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен марапатталды, 1985 ж. 18 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 120-121.