Мещеряков Александр Григорьевич (1961-1980)- қатардағы гвардия жауынгері, атқыш.
1961 ж. 27 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы) қаласында дүниеге келген. №14 орта мектепті бітіреді. Лениногорск ЖЭО-да электрші болып жұмыс істейді.
1979 ж. 2 қарашада Лениногорск қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1980 ж. 10 мамырда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1980 ж. 8 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін)
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 132.