Нұрғалиев Мейрам Саматұлы (1967-1987) - қатардағы жауынгер, пулеметші.
1967 ж. 7 қарашада Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылында дүниеге келген. Семипалатинск қаласындағы №7 мектеп-интернат пен №1 орта мектепте білім алады.
1987 ж. 27 шілдеде Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. қазан айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1987 ж. 27 желтоқсанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қызыл Ту ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 146-147.