Омаров Қалалбек Жұмаханұлы (1964-1984)- қатардағы жауынгер, мерген.
1964 ж. 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылында дүниеге келді. «Тасбұлақ» кеңшарында еңбек етеді.
1983 ж. 30 сәуірде Аягөз аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1984 ж. наурыз айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 13 қыркүйекте жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 150.