Рехтик Вадим Олегович (1968-1988) - ефрейтор, пулеметші.
1968 ж. 11 желтоқсанда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, аяқ киім фабрикасында еңбек етеді.
1987 ж. 6 мамырда Семипалатинск қаласындағы Киров аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 ж. тамыз айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1988 ж. 4 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 160.