Самохин Валерий Генрихович (1960-1982)- лейтенант, мотоатқыштар взводы командирі.
1960 ж. 12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы, Первомайск кентінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Омск жоғары жалпы әскерлік командалық училищесінде оқиды.
1981 ж. 27 қыркүйекте Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 жылы 23 шілдеде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1982 жылы 31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы, Первомайск кентінде жерленді.
1982 ж. 19 шілдедегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен мараптталды (қаза тапқаннан кейін), 1983 ж. 3 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Ту орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 166-167.