Тишаков Анатолий Алексеевич - қатардағы жауынгер, жүргізуші.
1963 ж. 1 ақпанда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Мақаншы (қазіргі Үржар) ауданы, Аксаковка (қазіргі Көлденең) селосында дүниеге келген. Мектептен кейін Аягөздегі жүргізушілер даярлайтын курсты аяқтайды.
1981 ж. шілде айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.1981 ж. 7 сәуірде Үржар аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1982 ж. 28 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. – Б. 182-183.