Лебаев Марат Төлеуғазыұлы (1964-1983) - қатардағы жауынгер, жаяу әскер жауынгерлік машинасының нысанашы-операторы.
1964 ж. 28 маусымда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) қаласында дүниеге келген. №5 орта мектепті бітірген соң, М.И.Калинин атындағы Семей етконсерві комбинатында еңбек етеді.
1982 ж. 13 қарашада Семипалатинск қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1983 ж. ақпан айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі. 1983 ж.
17 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 126-127.