Ақылжанов Бажан (1918 – ө.ж.б.) – сержант, барлаушы, 263 атқыштар дивизиясы 316 барлау ротасы взвод командирінің көмекшісі, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.
1918 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген.
1940 жылы қыркүйекте Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Үржар аудандық әскери комитетінің шақыруымен Қызыл Армия қатарына өтті.
Сержант, барлаушы, 4-ші гвардиялық атқыштар корпусы 263 атқыштар дивизиясының 316 барлау ротасы взвод командирінің көмекшісі болды.
1941-1943 жж. Карелия майданы, 1942 жылы оңтүстік-батыс, оңтүстік және Украина майдандарында әскери ұрысқа қатысты.
1941-1942 жылдары екі рет жарақаттанады.
«Ерлігі үшін» медалі және «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.
«Ленин-Сталин партиясы мен социалистік отанға адал. Батыл командир-барлаушы, взводқа жетекшілік ету қабілеті жоғары. Жауға қарсы шайқастарға қатысу барысында қолбасшының барлау жөніндегі тапсырмаларын үздік орындады. Шабуыл жасау барысында дивизия флангасындағы ұрысқа қатысып, қажет мәліметтерді дер кезінде жеткізді.
1943 жылы түнгі барлау кезінде аса ептілікпен іс-қимыл жасауы арқылы жау әскерін тұтқынға алып, құнды мәліметтер жеткізді.
Үкімет наградасына лайықты.
Командир капитан Беляков». (1943 жыл 31 тамыздағы наградтау қағазынан).
1943 жылы 6 қыркүйекте жоғарғы қолбасшылардың шешімімен 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
«Аға сержант Б. Ақылжанов дивизияның алғы шебінде барлау ұйымдастырып, Инкерман темір-жол станциясы маңындағы ауданда жаудың отты нүктелерін анықтады. Ақылжанов тобы жаудың 12 отты нүктесін анықтады. Соңынан Б. Ақылжанов жау нүктелері орналасқан орындарды нақтылы анықтап, алдыңғы шептегі отряд артиллериядан жау нүктелеріне оқ жаудырып, 2 қол пулеметі қарсыластың от шашқан пулеметінің үнін өшірді.
Б. Ақылжанов Севастополь темір-жол станциясы аумағында капитан Подольцев жетекшілік ететін топпен бірге жаумен шайқаста 37 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойып, Севастополь темір-жол станциясын жаудан азат етті.
Жолдас Б. Ақылжанов «Кеңес Одағының батыры» атағына лайықты. 263-ші Сиваш атқыштар дивизиясы 2-бөлімшесінің бастығы, майор Илонен.» (1944 жылғы 12 мамырдағы марапаттау қағазынан).
1944 жылы 28 мамырда №73/н. Әскери жарлығымен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.
Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.
Деректер
Источники
Акильжанов Бажан [Электронный ресурс] // Подвиг народа 1941-1945 : сайт. - Режим доступа: http://podvignaroda.ru/?#id=17486366&tab=navDetailManAward (03.04.2018)