Бітімов Өміртай Мақашұлы (1951) - генерал-майор, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
1951 жылы 4 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген.
Бітімов Өміртай Мақашұлы – ҚР Ауғанстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, генерал-майор. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері. Семей қаласының тумасы. Семей педагогикалық институтын Физика және математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, Минскідегі КСРО МҚК Жоғары курстарын, КСРО МҚК Қызыл Ту институтын тәмамдаған.
1972-1973, 1974-1975 жылдары - орта мектепте оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі.
1973-1974 жылдары әскер қатарында болды.
1975-1976 жылдары – жоғары курстардың тыңдаушысы.
1976-1979 жылдары – Семей облысы бойынша МҚКБ Аягөз аудандық бөлімінің жедел уәкілі.
1979-1992 жылдары – институтта оқыды, КСРО МҚК 1-бас басқармасында жұмыс істеді, жауынгер-интернационалист.
1992-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы СІМ жүйесі органдарының қызметкері.
1995-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқарма бастығының орынбасары, Бас барлау басқармасының бастығы.
1997-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Барлау" қызметінің департамент бастығы, ақпараттық-талдау орталығының бастығы.
2002-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметінің бастығы.
2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кеңесшісі.
2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылғы 14 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Қызыл Жұлдыз орденімен, он Мемлекеттік және ведомстволық медальдармен марапатталған.
Ө. М. Бітімов туралы әдебиет
Литература о О. М. Битимове
Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы