Шоқышев Ғабдулхақ Ысқақұлы (1957-2014) - генерал-майор
1957 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай (қазір Зайсан) ауданы, Шілікті ауылында дүниеге келген.
1978 жылы 25 қазанда Алматыдағы И.С. Конев атындағы Жоғары әскери командалық училищесін бітірген. Училищені бітірісімен Курчатов қаласына жолдама алып, 1978-1993 жылдары Семей ядролық полигоны орналасқан Курчатов қаласындағы әскери бөлімшелерде взвод командирінен бөлім командиріне дейінгі қызметтерде істеген.
1993-1998 жылдары ҚР ІІМ Курчатов қаласындағы әскери бөлімінде командирдің орынбасары қызметін атқарған. 1998-2000 жылдары Өскемен қаласындағы әскери бөлімше командирінің орынбасары болды.
2001 жылы ҚР ІІМ ішкі әскерлері Тыл басқармасының бастығы, 2003 жылға дейін ҚР ІІМ ішкі әскер басшысының тыл жөніндегі орынбасары, 2003-2004 жылдары ҚР ІІМ ішкі әскерлері қолбасшысының техника мен қару-жарақ жөніндегі орынбасары., 2004 жылдан Қарағанды, Алматы қалаларында ҚР ІІМ құрама ішкі әскер командирі.
2010 жылдың сәуір айына дейін арнайы бөлімдер Бас штабы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 1913 жылдың мамыр айынан ҚР ІІМ Ішкі әскер Бас қолбасшысының техника мен қару-жарақ жөніндегі орынбасары, ҚР ІІМ Ішкі әскер Комитетінің төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 жылдың мамыр айынан Ұлттық гвардия Бас Қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, ҚР ІІМ Комитеті төрағасының орынбасары болды.
2005 жылы ҚР Президентінің жарлығымен генерал–майор әскери атағына ие болды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, Ресей мен Қазақстанның 16 медалімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен марапатталған.
2014 жылы 4 маусымда дүниеден өтті.
Ғ.Ы. Шоқышевтің өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности Г.И. Чокушева
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - 848 б. - Шоқышев Ғ: б. 812.
Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.