Рақышев Ораз Қалиоллаұлы (1943) - Генерал-майор
1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Чернова (қазіргі Аққайнар) ауылында туған. Ол Чернова мен Шыңғыстай мектептерінде оқып, білім алған. Сонымен қатар, Ярославль әскери училищесінің, Ленинград жоғары әскери Академиясының түлегі. Әуелгіде бірер жыл Германия Демократиялық Республикасында, одан кейін Ресейдің Мәскеу, Ленинград, Горький, Нижегородск сияқты ең басты қалаларында жауапты қызметтер атқарды.
Ораз Қалиолдаұлы жоғары командалық деңгейлердегі қызметтерге тартылып, әскери бригадалардың, дивизия командирлерінің орынбасары міндеттерін атқарды. Әскери өмірінің басым бөлігін шет жерлерде өткізген генерал запасқа да Венгриядан шықты.
Еліміз егемендігін алар алдында ғана оралған Ораз Қалиолдаұлы мол әскери тәжірибесі өзіміздің әскери күшімізді жасақтауға, өз армиямызды құруға аса қажет болды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Материалдық құндылықтар жөніндегі министрлігінің бас маманы болып жүрген жерінен қайтадан әскери қызметке шақырылады. Семейдегі армия корпусы командирінің тыл жөніндегі орынбасары, одан кейін құрлық әскерлері командирінің орынбасары, Республика Қорғаныс Министрінің орынбасары болып қызмет істеді.
Катонқарағай ауданынан шыққан тұңғыш қазақ генералы Ораз Қалиолдаұлының еліміздің қорғаныс қуатын арттыруға қосқан ұзақ жылғы мінсіз еңбегі еліміздің жоғары марапаттарымен бағаланған. Екінші дәрежелі Даңқ, «Құрмет белгісі» ордендері мен он шақты медальдардың иегері.
О. Қ. Рақышев туралы әдебиет
Литература об О. Ракышеве
Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Жер жаннаты - Қатонқарағай [Мәтін] / құраст. Ж. Қызыр. - Алматы : Орхон, 2008. - 368 б.
Назырбаев, Қайырды. Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев. - Астана : Фолиант, 2011. - 280 б.