Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Головченко В.Е.

Головченко Василий Евстафьевич

Головченко Василий Евстафьевич (1921-1990) - Кеңес Одағының Батыры.

1134-ші атқыштар полкінің батальон командирі (338-ші атқыштар дивизиясы, 39-шы армия, 3-ші Белорус майданы), майор.

1921 жылы 1 қаңтар күні Зайсан қаласында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының қаласы) туған. Майор, батальон командирі.

Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылған. 1941 ж. Алматы жаяу əскер училищесін бітіріп, 6-қазанда Солтүстік Батыс майдандағы 338-атқыштар дивизиясының қатарына қосылды. 1943 ж. əскери істі жақсы меңгерген Головченко батальон штабының бастығы, кейіннен атқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1944 ж. 20 қыркүйектен корпус командирі

Генерал-майор Олешев Головченконың батальонына Литваның Юрбаркас қаласы маңында Неман өзенін жəне шоссені кесіп өтіп, корпустың басқа бөлімдері келгенше плацдармды ұстап тұруды тапсырды. Екітəулік бойы Головченконың батальоны жаудың 10-нан аса қарсы шабуылына тойтарыс берді. 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен1945 жылғы 24 наурызда қолбасшылық тапсырмаларын үлгілі орындағаны және неміс-фашистік басқыншылармен шайқаста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін майор Василий Евстафьевич Головченкоға Ленин орденін және "Алтын Жұлдыз" медалін (N 4731) тапсырумен бірге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін әскерде қызметін жалғастырды. Қазақ КСР Қостанай облысының әскери комиссары қызметін атқарады. 1967 жылдан полковник Головченко запаста болады. Қостанай қаласында тұрған. 1990 жылы наурызда қайтыс болды. Қостанай қалалық зиратының құрметті жерлеу аллеясында жерленген.

Ленин орденімен, 1-ші дәрежелі екі Отан соғысы орденімен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.

В.Е. Головченко туралы әдебиет

Литература о В. Е.Головченко

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С.30.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 339 – Т.1

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 197-198.

Мақалалар – Статьи

Фролов, П. Герой из Зайсана [Текст] / П. Фролов // Знамя коммунизма. - 1962. - 3 февраля.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаты